Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4815 0 пікір 8 Мамыр, 2014 сағат 12:10

ЕСІМОВ ВЕЛО ЖАРЫС ЖОЛЫНДА

ҚазАқпараттың хабарлауына сай  -  Бүгін Алматыда жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы өтті.  Жарысқа қанша адамның қатысып жатқан велосипедшілердің ұзын-ырғасы 500 метрге жеткен. «Универсиада-2017»  Мемлекеттік қорының маркетинг бойынша бас маманы  Дидар  Сағадиев жарыс туралы: «Бүгін біздің кезекті веложарысымыз өтіп жатыр. Ол Жеңіс күніне арналған. Бұл жарысқа негізінен қаладағы үш  жоғары оқу орындарының, нақтырақ  айтар болсақ: Қазақ  ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студенттері қатысуда. Сонымен қатар бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те жарыс жолында» - деп мәлімдеген. Велосипедшілер жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталды. Мәре сызығы - ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ. Айта кететін болсақ қала әкімі Есімовтің кортежінен түсіп, велосипед  мінгені алғаш рет емес.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553