Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4143 0 пікір 8 Мамыр, 2014 сағат 12:16

НИГЕРИЯДА 300 АДАМ ЛАҢКЕСТЕР ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

Нигерияда 300 адам "Боко харам" исламистік радикал тобы содырларының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  AFP- ке сілтеме жасап. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Гамбору қаласында болды. Өткен сәуір айының басында "Боко харам" мүшелері 200-ден астам оқушы қызды ұрлап әкеткен еді, лаңкестер қыздарды құлдыққа сатпақшы болған. Ел билігі өкілдері әлі күнге дейін кепілге алынған қыз балалардың қайда тұтқында болғанын таба алмаған. Жуырда полиция лаңкестердің қолына түскен оқушылар туралы ақпарат берген адамға 300 мың долдар сыйақы беретінін мәлімдеді. Лаңкестер осыдан кейін Гамборуға аяусыз шабуыл жасап отыр.

Брондалған машиналарды мінген содырлар жергілікті базарда, қаланың орталығында адамдарға, тұрғын үйлер мен дүкендерге оқ жаудырған. Ғимараттар зақымданып, өртке ораныпты. Тұрғындардың айтуынша, көшелер өлікке толды. Батыстың бірқатар мемлекеті Нигериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Еске салайық, Нигерия соңғы бес жылдан бері "Боко Харам" радикал қозғалысының шабуылынан көз ашпай келеді. Лаңкестер шариғатқа негізделген діни мемлекет құруды көздейді. Олар батыс үлгісінде білім беруді түбегейлі жоймақшы. 200-ден астам оқушы қызды ұрлап әкеткені де содан. Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет Нигерияның Халқы 123,3 млн. (2000) Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, 

Абай-ақпарат                          

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499