Жұма, 26 Сәуір 2024
Тағзым 7897 0 пікір 8 Мамыр, 2014 сағат 17:05

КЕНЕСАРЫ САРБАЗДАРЫНА ДҰҒА БАҒЫШТАУ

  • КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ АҚМОЛА БЕКІНІСІН АЛҒАНЫНА 176 ЖЫЛ 

 

9 мамыр күні сағат 11.00-де «Жас азамат» жастар ұйымының ұйытқы болуымен Астана мұсылмандар зираттығында Кенесары ханның Ақмола бекінісін талқандауы кезінде шейт болған сарбаздары мен алаш арысы Сымағұл Сәдуақасұлыныңрухынақұран бағышталады.

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ

 Жалпы қазақ тарихында бүгінгі еліміздің қалыптасыуына ықпал еткен, алайда түрлі себептерге байланысты әлі де ескерілмей келе жатқан тарихи маңызды оқиғалар мен даталараз емес. Сол ескерусіз даталардың бірі - патшалық Ресей империясының үстемдігін орнықтыру мақсатында салдырған Ақмола бекінісін талқандап, патшалық отаршы күш алдында қазақ жұрты атынан батыл талаптар қойған Кенесарының Ақмола бекінісін алғанына 176 жыл толып отыр.
1837 жылы Патшалық отаршылдықтың езгісі мен бұғауынан азат басын құл қылмау жолында атқа мінген Кенесары хан бастаған топ хорунжий Рытовтың отрядын жеңеді. Іле 1838 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына өз шартын қойып, арнайы хат жолдайды. Онда Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыдағы тұтқында отырған өз қандастарын босатуды батыл талап етеді. Кенесары ханның бұл әділ талабын тойтарған губернаторға хан жауап ретінде старшина Симоновтың әскери жасақтарына шабуылдап, қару-жарақ пен оқ-дәріге қол жеткізеді. Кейін Ақмола бекінісін 6 күн қоршауда ұстап, шабуылға шығады. Кенесарының даңқты жауынгерінің бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты.Кенесары көтерілісіндегі ірі жеңіс саналатын бұл шайқаста қазақ батырларынан 200-ге жуық сарбаз шейіт болды. Олардыңбарлығы да қазіргі Астана қаласының мұсылмандар зираттығында жатыр. Алайда ел егемендігі мен ұлт тәуелсіздігі жолында опатболған сарбаздардың бұл ерлігі тарих таразысынан әділ бағасын әлі де толық ала алмай келеді. Елордадағы бұл қабірстанда кімдер жатқанын көзіқарақты зиялы қауым болмаса, жастар жағы тіптен біле бермейді. 

СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ

Сонымен бірге, замандастары «Біздің Кенесарымыз» деп атаған алаштың екінші толқын қайраткерлерінің көсемі Сымағұл Сәдуақасұлының сүйек күлі Мәскеуден арнайы әкелініп осы қорымға қойылған болатын.Сол себепті «Жас азамат» жастар ұйымы бас болып, бұл тарихи күнді атап өтуді, ел тәуелсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың рухына тағзым жасауды қолға алып отыр. Іс-шараның басты мақсаты – ескерусіз қалып жатқан елеулі жеңістерімізге қоғам назарын аудару. Ұлт бостандығы, ел теңдігі үшін жан аямай күрескен халық батырларын дәріптеу. Сол арқылы бүгінгі жастарға, жаңа ұрпаққа отаншылдық сезім мен патриотизмның ұлттық үлгісін дәріптеу. Мұны, біріншіден, ұрпақ алдындағы өтеуге тиісті парыз деп білсек, екіншіден, жастар бойындағы өшкіндеп кеткен отаншылдық сезімді жандандырудың ең дұрыс һәм бірден-бір жолы деп санаймыз. 
Шараға «Жас азамат» жастар ұйымының мүшелері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ, ұлтын сүйген азаматтар қатысады. 
Дұғада болуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы: «Жас азамат» жастар ұйымы
Өтетін күні: 9 мамыр, 2013 ж.
Өтетін уақыты: 11.00.
Өтетін орны: Жастар ш/а, «Қараөткел» ескі мұсылмандар зираты
 

Abai.kz

0 пікір