Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5981 0 пікір 10 Мамыр, 2014 сағат 18:24

АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК. ҚУЫСТАНЫП ЖҮРМІН

Қызық-қызық ойлар келеді екен. Қызық емес, бұзық ойлар келеді екен. Үндемеуге де болмайды. Бірдеңе деуге де болмайды. Үндесең, жүндейді. Үндемесең, құл дейді. Қазақ бір біріне сенбейтін болды. Жақсыны көрмейтін болды. Жаманға шөлдейтін болды. Жан ашымайтын болды, мейірімі тасымайтын болды. Сататын болды, қарсы шықсаң, ататын болды. Ала көздене өрекпитін болды, жақсы іске бірікпейтін болды. Адам өлсе, қайғырмайтын болды, жақсы мен жаманды айырмайтын болды. Жағымпаз ұнайтын болды, ал, іскер құлайтын болды. Құлағаны тұрмайтын болды. Ақиқатты ақымақ кешпейтін болды, ақылды адам өспейтін болды. Бауыр тас жүрек болды, келер күн тас түнек болды. Дөкейлер қол алмайтын болды - арманың орындалмайтын болды. Несие көп, кешірім жоқ. Жемейтін болды, асайтын болды, жердің қойнауы босайтын болды. Айлалар мың түрлі болды, кедей болу біртүрлі болды. Бір күн мас болдың, он күн аш болдың. Ал, біреу тойып секірді, еденді ойып секірді. Астына кілем жайып секірді. Ал, сен тоңып секіресің, бет-жүзің оңып секіресің. Ас болса кекіресің, жоқ болса, бекінесің. Неге арам бола алмаймын деп қарғанып өкінесің. Иманнан жұмсақ диван артық. Қиғаннан - жиған артық. Жетімнің ақысын уыстап алатын болдың, қызметке туысты алатын болдың. Осының бәріне өзімді кінәлі санап, қараптан қарап қуыстанатын болдым...

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3626