Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 08:31

ТАНЫЛМАЙТЫН РЕФЕРЕНДУМДА ДОНЕЦК ДЕРБЕСТІК ЖАРИЯЛАДЫ

Батыс елдері мен Украина мойындамаған референдум нәтижесі белгілі болды. BBC агенттігінің орыс тілді қызыметі хабарлауынша 89%-дан астам  сайлаушылар Донецктің дербес болуын қолдап  дауыс берген. Донецк орталық сайлау комиссиясының хатшысы Роман Лягин: «Сайлау бюллетендерін санау бізге қиындық тудырмады, қарсы дауыс бергендер көп бола қоймады, бүлінген сайлау бюллетендері де аз ғана. Тез және жинақы жұмыс істей алдық», - деп мәлімдеген РИА Новости арқылы өткізген баспа сөз мәслихатында.  Оның сөзінше аталған аймақтың дербес  ел болуына қарсы дауыс бергендер 10,19%, бүлінген сайлау белеттері 0,74% ғана.  Луганск мәртебесіне байланысты сайлау қортындысы бүгін жарияланатын болады. Аталған аймақтар мәртебесіне байланысты дауыс беру науқаны Мәскеуде де өткізілген. Арнайы әзірленген сайлау учаскелерінде Украина азаматтары дауыс берген.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516