Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5354 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 13:00

АУҒАНСТАНДА ЕСІРТКІ АЛҚАБЫ 16 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Соңғы бес жылда Ауғанстандағы есірткі егістігінің көлемі 16 мың гектарға артқан. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Оның айтуынша Ауған жеріндегі есірткі егістігі көлемі 193 мың гектардан 209 мыңға ұлғайған. Есірткі тасымалдаушылардың әлемдік қара нарыққа шығатын негізгі жолдарының бірі Қазақстан БҰҰ мәліметі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын Ауған есірткісін тасымалдайтын транзиттік дәліз ретінде пайдалануы да жылдан-жылға күшейіп келеді екен. Ресми дерек бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда есірткі тасымалдау қылмысы 12 пайызға артқан. Тасымалдаушылар неше түрлі айла тәсілдерді пайдаланады. Оның ішінде адам ағзасы арқылы тасымалдау  кең таралған. Айта кететін болсақ есірткі бизнесі қару-жарақ саудасымен қатар жүретін үлкен оффшорный бизнес саналады.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір