Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4546 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 13:01

РЕСЕЙ ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУЫН ЖОЙЫП ЖАТЫР

Ресей өзінің 31974 тонна улайтын соғыс жарақтарын жойған. Залалсыздандырылған заттар Ресейдің 80% запастағы химиялық қаруы болып саналады. Осыншалықты химиялық қару Ресейге СССР кезінен қалған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Ресейдің қауіпсіздік сақтау және химиялық қаруды жою федералды басқармасының бастығы Валерий Капашин: «Бұл біздің мемлекетіміздің халықаралық қауіпсіздік конвенция талаптарын орындауы, химиялық қару XX ғасырдың ең үлкен соғысының 69 жылдығында жойылды», - деп атап көрсеткен.

Оның сөзінше таяу уақытта Ресейдің басқа да химиялық қару сақталған базалары жойылатын болады.  Ресейде бұған дейін де химиялық қаруды залалсыздандыру әрекеттері өткен. Айта кететін болсақ 2003 жылы Саратов облысындағы Горный поселкасында 400 тонна (1%) иприт жойылған. 2007  жылы бірнеше облыста жиыны 8 тонна (20%) улаушы қарулардың көзі жойылған. 2009 жылы қараша айында да 45% - ға жуық химиялық оқ дәрілер бір жақты етілген. Енді "Кизнер", "Марадыковский", "Леонидовка" (Пензенская обл.), "Почеп" (Брянская область) және  "Щучье" сияқты базаларда  көзі жойылуы тиіс химиялық қарулар қалып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір