Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 6423 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 11:35

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға АЛАҢДАЙ БАСТАДЫ

Қазақстан Ресейге қарсы Батыc елдері тарапынан салынып жатқан экономикалық санкцияларға қарап  алаңдай бастады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Ресейге Батыс елдері тарапынан салынып жатқан экономикалық санкция режимінің күшеюі бізді алаңдатады. Ресей біздің ең ірі сауда әріптесіміз. Қазақстанға келетін тауардың 36 пайызы - ресейлік өнімдер, Ал Қазақстан экспортының 7 пайызы Ресей нарығына шығарылады. Біз бұл елден көп мөлшерде капиталдың сыртқа кетіп жатқанын көріп отырмыз. Биыл Ресей экономикасында өсім болмайтын сияқты. Екі елдің экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан санкциялардың қатая түсуі бізді алаңдатып отыр», - деді Келімбетов.

Ал, наурыздың 25-і күні Нидерландтың Гаага қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Батыс елдерінің  Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстанға қатысы жоқ» деп мәлімдеген еді. (http://news.nur.kz/307534.html)

Президенттің осы сөзінен кейін еліміздегі экономикалық сарапшылар Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялардың Қазақстанға әсері болмайтыны туралы жарыса айтқан.

Дегенмен, экономист, Экономика институты Астана филиалының директоры Жангелді Шымшықов мырза 27 наурыз күні бізге берген сұхбатында АҚШ пен Еуропа елдерінің Ресейге жасап жатқан экономикалық қысымының Қазақстанға міндетті түрде салқыны тиетінін  қадап айтқан болатын:

- Украина мен Ресей арасындағы шиеленісті жағдай Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бе?

 - Қазіргі жаһандану заманында әлемдік экономика бір-бірімен тығыз байланыста. Украина мен Қазақстан арасындағы сауда, капитал айналымы және кәсіпорындар байланысы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымына жетпесе де қомақты деуге болады.. Сондықтан, Украинадағы кез келген экономикалық өзгеріс қалай десеңізде Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Әсер етпейді деп жаһанданудың заңдылықтарын түсінбейтін адам ғана айтуы мүмкін. Украина ғана емес, Қазақстан экономикалық байланысы бар өзгеде елдердегі жағдай бізге міндетті түрде әсерін, ықпалын жасайтыны сөзсіз.

- АҚШ пен Еуропа елдерінің Ресейге жасап жатқан экономикалық қысымдарының қандай бір нәтижесі бола ма?

 - Міндетті түрде әсер етеді. «Жығылған күреске тоймайды» дейді ғой, Ресей туралы қазіргі айтып жатқан сөздер дәл осы сөздің кері. Егер оның әсері болмайтын болса, АҚШ ондай қадамға бармас еді. Бұл экономикалық қысымдардың кері әсері Ресей арқылы Қазақстан экономикасына да тиюі мүмкін.

(http://abai.kz/post/view?id=113)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576