Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2563 0 пікір 6 Сәуір, 2010 сағат 07:07

Су тасқындары мен нөсер жауындардан кейін қалпына келтірілген барлық автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді – көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 6 сәуір. ҚазТАГ – Су тасқындары мен нөсер жауындардан кейін қалпына келтірілген автожолдардың барлық бөліктерінде көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады сейсенбі күні көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«2010 жылдың 6 сәуіріндегі жағдай бойынша көлік және коммуникация министрлігінің жол жөндеу кәсіпорындары бұған дейін автокөлік құралдары үшін шектеу енгізілген барлық учаскелердегі қозғалысты қамтамасыз етіп отыр»,- делінген таратылған хабарламада.

Мысалы, сейсенбіден бастап Ақтөбе облысындағы Бершігүр-Шалқар учаскесінің 120-257 шақырымындағы қозғалыс ашылды, қатты жауыннан кейін бұл жерде көліктердің жүруі қиындаған болатын.

Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай-Ақсуат учаскесінде уақытша көпірі бар айналма жол салу жұмыстары аяқталды. Бұл жерде Бұғаз өзені арқылы көпірдің қирауға ұшырағанына байланысты көлік қозғалысы жабылған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол жөндеу қызметтері Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық аймақтарындағы автожолдарды қардан тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

«Сонымен қатар, су өткізетін құбырларды және жол бойын қардан тазарту, су жиналған жерлерді кептіру, су тасқыны қаупі төнуі мүмкін әрбір учаскені күнделікті түрде тексеріп отыру сияқты алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600