Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3121 0 пікір 6 Сәуір, 2010 сағат 04:17

Қазақстан өңірлеріндегі желдің күшеюіне атмосфералық тұтас ағым ықпал етеді

Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болады, деп хабарлады ТЖМ.

Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облысында түнде және таңертең, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай обыстарында күндіз және таңертең, Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей         жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында түнде тұман түседі.

Жақын күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі құбылып, жекелеген өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның батысы мен орталығындағы өзендерде сең бұзылу үдерісі жалғасады.

Күннің жылуына байланысты Шығыс Қазақстан өзендеріндегі сең бұзылып, өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

0 пікір