Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:55

Шығыс Қазақстанда Семей полицейі пара алғаны үшін сотталды

Өскемен. 5 сәуір. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты темір жол станциясының ішкі істер жүйелік бөлім аға тергеушісі Т. Әбдрахмановты жеті жылға мүлкін тәркілеп, жалпы тәртіптегі колонияға соттады.

Шығыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аягөз қаласында қыркүйекте тепловоз қосалқы бөлшектерінің ұрлануын тексеру барысында полицей ол қосалқы бөлшектерді металлолом қабылдайтын қосыннан тапқан. Бұл ретте ол металл сынықтарын қабылдау қосынының қызметкерінен қылмыстық жауапкершілікке тарпау үшін 200 мың теңге талап еткен.

«Қызметкер ҰҚК жүгінген. 6-шы қыркүйекте Т. Әбрахманов алғашқы 50 мың теңгені алған. 13-ші қыркүйекте Семейде уағдаласқан жерде қалған 150 мың теңгені алған кезде оны полция қызметкерлері қолға түсірді», - деді прокуратурадан.

Прокурор қылмыскерге мүлкін тәркілеп, сегіз жыл жаза сұрады. Аппеляциялық сатыдан күшінде қалдырылған үкім бойынша, Т. Әбдрахманов мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, жеті жылға сотталды.

0 пікір