Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2664 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:53

ҚР қорғаныс министрлігінің басшысы мен АҚШ орталық қолбасшылық қолбасшысы екі жақты қарым-қатынас перспективасын талқылады

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Бүгін Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, Қазақстанға дүйсенбі күні келген генерал Дэвид Петреуспен кездесті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Бүгін Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы, Қазақстанға дүйсенбі күні келген генерал Дэвид Петреуспен кездесті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомствосының бесжылдыққа арналған ынтымақтастық Жоспары шеңберінде кадрлар даярлау, әскери білім жүйесін дамыту және басқа да екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды», - делінгн ақараттық парақшада. Тап айтқанда тараптар қазақстандық әскери қызметкерлерді АҚШ Қарулы Күштерінің арнайы оқу орталықтарында және әртүрлі әскери оқу орындарында, оның ішінде Ұлттық қорғаныс университеті мен командалық-штабтық колледждерде оқыту туралы сұрақтарды да қарастырды. Баспасөз қызметіің мәліметеріше, әскери білім беру бағдарламасы бойынша барлығы 10 миллионнан аса АҚШ доллары бөлінсе, 30-дан астам мамандық бойынша 360 әскери қызметкер оқуға жіберілді. АҚШ әскери жоғары оқу орындарында – «Вест-Поинт» Әскери Академиясында, АҚШ Қарулы Күштері командалық-штабтық колледждерінде, Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Қарулы Күштерінің 23 әскери қызметкері дәріс алды. Хабарда әскери-техникаклық бағдарламаның әскери техника, арнайы жабдықтар мен мүліктерді жеткізу бойынша үлкен жұмыстардың іске асқанын атап өтіледі. Осы мақсатта Аэроұтқыр әскерлерінің бітімгершілік әлеуетін арттыру үшін «Хаммер» автокөліктері мен «Хьюи-2» тікұшақтары және арнайы құрал-жабдықтар берілді. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама штаттары қорғаныс ведомстволарының арасындағы әскери байланыс жоспарына сәйкес 2010 жылы көптеген игілікті шараларды өткізу қарастырылған. Бұл жерде «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберінде жыл сайын өткізілетін «Дала қыраны» Халықаралық арнайы-тактикалық бітімгершілік жаттығуларын айтуға болады. Бұл бітімгершілік талаптарына толық жауап беретін біздің аймақта өтетін теңдесіз жаттығу.

Кездесу соңында қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты байланыстардың алдағы уақытта да жарасымды жалғаса беретініне сенім білдірді.

Бұрын абарлаанд, сапар барысында генерал Д. Петреус Қазақстан Қарулы күштері өкілдерімен кездесіп Қазақстан мен АҚШ арасындағы нық орнаған стратегялық серіктестік мәселсін талқылайды», - делінген елшілік дүйсенбі күні таратқан хабарында.  

Елшіліктің хабарлауынша, Д. Петреус, «Ауғанстандағы коалициялық күштерді қолдау бағытында атқарған жұмысы үшін Қазақстанға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы одан да тығыз ынтымақтастық мәселесін, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырып, қайта қалпына келтіру мәселесін де талқыламақшы».

Ақпаратта айтылған мәліметтерге сай, Д. Петреус АҚШ-тың әлемнің көптеген аймақтарындағы Қарулы күштеріне, оның ішінде Ирак пен Ауғанстандағы да АҚШ қарулы күштеріне жауап береді. Мұның алдында ол Ирактағы коалициялық күштерді басқарды. «Ол қызмет атқарған кездері Иракта зорлық айтарлықтай төмендеп, қауіпсіздік саласындағы ахуал елеулі жақсарған болатын», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499