Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2483 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:51

Турция президенті мамырдың басында Қазақстанға келеді

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – Турция президенті Абдулла Гүл мамырдың басында Қазақстанға келіп, Түрік академиясының ашылу салатанатына қатысады деп күтілуде, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Жасейіт Түймебаев дүйсенбі күні.

«Мен бұған қоса Түркі академиясын құру үдерісі туралы баяндадым. Академияның ашылуы Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің биылғы мамыр айында болатын Қазақстанға сапары уақытына жоспарланып отыр, - деді Ж.Түймебаев елбасымен өткен кездесуден соңғы баспасөз брифингінде, деп жазады Ақ орданың ресми сайтын дүйсенбі күнгі хабарында. 

Ж.Түймебаев президентті білім беру жүйесінің бүгінгі жай-күйінен және келешек бағытынан хабардар етті. Қазақстан баршаға білім беру ісін дамыту индексі бойынша 2009 жылы әлемнің 129 елі ішінен бірінші орын алды және Орталық Азиядан Болон үдерісіне тұңғыш қосылған мемлекетке айналды. Кездесу барысында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы «Ғылым туралы» жаңа заң жобасы, сонымен қатар Астанада биыл 26-27 сәуір күндері өтетін ТМД елдері мұғалімдері мен педагогтарының бірінші съезіне дайындық барысы жөнінде әңгіме болды, делінген ақпараттық парақшада.

«Министр білім беру саласына ерекше көңіл аударылып отырғаны, биылғы 1 сәуірден бастап жалақы мен шәкіртақының 25 пайызға ұлғайтылғаны үшін барлық мұғалімдер, педагогтар және студенттер қауымы атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты», - делінген хабарда.

0 пікір