Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3361 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:44

Ұшырылуы 2-ші сәуірге белгіленген «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажы бекітілді

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Ұшырылуы 2-ші сәуірге белгіленген «Союз ТМА-18» басқарылатын ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажы бекітілді, деп хабарлады «Қазғарыш» ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің (ҚР ҰҒА) баспасөз қызметі.

«Байқоңыр» ғарыш айлағына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР ҰҒА төрағасы Талғат Мұсабаев «Союз ТМА-18» басқарылатын ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажын бекіту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысына қатысты. Ол Ю.А. Гагарин атындағы сынақ оқу-жаттығу кешенінде (№8-ші алаң) өтті», - делінген хабарда.

Құжатта «Союз ТМА-18» басқарылатын ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажы бекітілгені айтылады. Экипаждың негізгі құрамына: командирі - Александр Скворцов, бортинженерлер - Михаил Корниенко мен Трейси Колдвелл-Дайсон бекітілді.

Экипаждың қосалқы құрамына: командирі - Александр Самокутяев, бортинженерлер - Андрей Борисенко мен Скотт Келли бекітілді.

«Гагарин алаңында» сәрсенбі күні орнатылған «Союз ТМА-18» басқарылатын ғарыш кемесі де ұшу алды жоспарлы тексерістен өтпекші.

«Союз ТМА-18» басқарылатын ғарыш кемесін алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыран-тасымалдағышының ұшырылуы 2-ші сәуірге, Астана уақытымен 11 сағат 04 минутына белгіленген.

Бүгін «Байқоңырда», ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» ғарыш кешеніне қатысты қосалқы комиссияның тең төрағалары болып табылатын «Қазғарыш» пен «Роскосмос» жетекшілерінің жұмыс барысындағы кездесуі жоспарланған.

Шара барысында Т. Мұсабаев пен Анатолий Перминов ҚР ҰҒА «Байқоңыр» ғарыш айлағының департамент директоры Ғ. Данабаевтың және ғарыштық әскер қолбасшысының бірінші орынбасары, Ресейдің ғарыштық әскерлері штабының бастығы, генерал-майор А. Якушиннің қосалқы комиссияның бірқатар мүлік мәселесін жөніндегі хаттамалық шешімдерінің орындалуына қатысты баяндамасын тыңдайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621