Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3406 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:43

АШМ Иранға астық экспортын жылына 3 млн тоннаға дейін жеткізбекші

Астана.1 сәуір. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. «ҚазАгро» ұлттық холдинг басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков қазақстандық астықты Иран бағытында экспорттауды жылына 3 млн тоннаға дейін арттыруға болады деп есептейді.

«Бейнеуде астық терминалы салынып жатыр. Ол Каспий арқылы астық экспортын 2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Түркменстан арқылы өтіп, Қазақстан мен Иранды тікелей байланыстыратын темір жол да салынып жатыр. Ол Иран бағытындағы астық экспортын 3 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол бейсенбі күні Астанадағы халықаралық астық коференциясында.

ҚР астық одағының президенті Нұрлан Тлеубаевтың айтуынша, Иран екінші жыл қатарынан ай сайын 350 мың тонна астық сатып алуға қабілеттілігін танытып отыр. «Бірақ біз ай сайын 80-85 мың тонна ғана бере аламыз. Яғни сұраныс ұсыныстан асып тұр. Иран халқының астық өнімдерін тұтынуының артып отырғанын және онда өзіндік астық өндірісін арттырудың мүмкіндігі жоқтығын ескерсек, Иран алдағы уақытта жылына 3,5 млн тонна астық сатып алады деп нақты сеніммен айтуға болады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Өзен (ҚР) Қызылқия – Берекет – Этрек (Түркменстан) – Горган(Иран) темір жолының қазақстандық бөлігінің құрылысы 2009 жылдың екінші жартысында басталды. Құрылыс 2011 жылы аяқталады деп болжанып отыр.

Бұл жолдың жалпы ұзындығы 677 км, оның ішінде Қазақстанда – 137 км, Түркменстанда – 470 км, Иранда 70 км. Темір жолды пайдалануға берілген алғашқы жылы 9,6 млн тонна жүк тасымалданбақшы.

0 пікір