Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3343 0 пікір 30 Наурыз, 2010 сағат 12:23

ОҚО санэпид қызметі малдарды иксодалық кенелерге қарсы емдеуді бастады

Шымкент. 30 наурыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында иксодалық кенелерге қарсы малдарды және кенелер кең тараған жерлерде профилактикалық өңдеу жұмыстары басталды. Ондай жұмыстар Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында басталды, деп хабарлады сейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.

Конго-қырым қанды безгегінің (КҚҚБ) тасымалдаушылары болып табылатын кенелерге қарсы профилактикалық жұмыстар жылдағыдан ерте басталды. Әдетте өңдеу жұмысарын сәуірдің соңына, мамырға қарай жүргізетін. Биыл ол шаралардың ерте басталуын екі фактормен түсіндіреді.

«Қыс жылы болуына байланысты кенелер ерте жандана бастады. Одан басқа қырым қанды безгегімен аурудың ресми расталған алғашқы оқиғасы тіркелді», - дейді санэпидқадағалау департаментінде. Биыл кененің алғашқы құрбаны Бәйдібек ауданының 8 жасар қыз баласы болды. Ата-анасы баланың денесінен кенені тауып алған және бес күнен кейін балада аурудың алғашқы белгілері анықталған. Зертханалық зерттеулер балада КҚҚБ барлығын анықтады.

Департамент мәліметтерінде бұл өңдеу шараларына облыс бюджетінен 233 млн теңге бөлініп отыр. Былтырғы зерттеулер облыстың барлығы 12 ауданында иксодалық кенелердің барлығын анықтаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1561
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504