Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3673 0 пікір 30 Наурыз, 2010 сағат 09:07

Байбалам салып жүрсек, баяғыда-ақ байлам жасалып қойыпты

Ендігінің бәрі бекер ме деп отырмыз... Аштық жарияла, алаңға шық, ереуілдет, сырнайлат-кернейлет бәрібір - қазақтың жері жалға беріліп қойғанға ұқсайды. Бұлай деуімізге себеп, жердің жалға берілетінін айғақтайтын бір құжат келіп түсті редакциямызға. Құжат «Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве» деп аталды, яғни «Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум». Аталған Меморандумға қытай жағынан қолын иреоглифпен иректетіп қойған  Жиаң Жиаңхуа (Jiang Jianhua)  - Jilin Grain Grup Co Ltd-ның  Grain & Private Eguity Fund Management Co Ltd деп аталатын қаржылық құрылымының өкілі көрінеді. Ал бізден Арман Ебниев дейтін азамат «мөрін» басыпты. Екі жақ Мемарондумға 2009 жылы 14-қазанда қытай астанасы Пекин қаласында қол қойысыпты. Ол кезде Арман Ебниев Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының орталық кеңесінің төрағасы еді. Жуңго мемлекетіне барып (қытайлар өз мемлекеттерін осылай атайды) әлгіндей әйдік келісімге қол жеткізіп қайтқан соң біздің әбжіл қимылдайтын азаматымыздың еңбегі ерекше ескерілсе керек - ол қазір ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.

Министрдің орынбасары Ебниев мырза  «қазақ жері қытайларға  жалға беріледі» деген шу-шұрқан шыққан күннен бастап қазынанның мол қаражатымен жарық көріп жатқан басылым беттерінен жиі көрініп, сөйлеуді дағдыға айналдырып алды. Әрине, вице-министрдің бұндай ашықтығын құптағанымыз абзал. Өйткені, біздің шенеуніктердің арасында үкіметтік деңгейде көтерілген үлкен істерді бұқараға ұғынықты етіп айтып берудің орнына бұғып қалатындар, үндемей үрке қашатындар жетіп артылады. Олармен салыстырғанда Ебниевтің емен-жарқындығын ерлікке балағанымыз жөн. Алайда сол ер Ебниев аталған Мемарондум бойынша қазақ-қытай кәсіпкерлерінің біріккен кәсіпорындар құруға қатысты тұсын ғана сөзіне тұздық етіп жүрген көрінеді. Расында құжатта біріккен кәсіпорын құру жайындағы бап көзге алдымен ілігеді.

Мемарондум Қазақстан Републикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас пен инвестиция тартып (кімнен кімнің инвестиция тартатыны белгілі ғой. -ред), тауар айналымын күшейтіп, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеп, ауылшаруашылығына кластерлік жүйені енгізу мен кәсіпкерлердің мүдделестігін ескере отырып жасалыпты.  Бұдан әрі Мемарондумда қазақ жерінен 5 млн. тонна ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп қытайға халықаралық бағамен сатылатыны көрсетіліпті. Ол қандай өнімдер дегенге келсек,  жақшаның ішінде соя, рапс, кукруз деп анық жазылған. Бұл жақша қытайдың болашақ бақшасы екендігіне күмәнданбай-ақ қойыңыз. Неге десеңіз, Мемарондумның 2-тарауына (Сферы совместной деятельности) қазақ жерінен жылына 3-5 млн тонна ауылшаруашылығы өнімін өндіру үшін қажет болатын жұмысшы күшімен, ресми тілге көшсек, адам ресурстарымен қамтамасыз етілу жайы тайға таңба басқандай түсіпті. Ал тараптар келісімінің (Договоренности сторон) 3 тармағында Қазақстан жағының өнім өндіруге жер бөлуді өз міндетіне жүктегенін көреміз. Осы тармақта жер жерге иелігі бар немесе жалға алған қожалықтардың нысанынан де берілуі мүмкін деп жазылған. Әлгі алпауыт Терещенконың Израйльге барып «жер сатамын, жалға беремін» деп жалғанды жалпағынан басып жүргенінің мәнісі, міне,  ашылды. Тоқсаныншы жылдардағы сүргінді пайдаланған Терещенко, Кулагин, Мадимов дейтін алпауыттар қазақ жеріне жекеменшіктік форманы тізеге басып отырып енгізіп еді, енді оны сатып, сата алмаса жалға өткізіп жырғап өмір сүрудің қамына кірісіпті. Біздің билік алдымен аранынан атан түй жүгімен өтетін алпауыттарға қазақтың құйқалы жерін кетпендеп беріп бір мырзалық танытқан-ды. Тағы да солардың әуейіне жығылып құрдай жорғалап,  қытайдан жұмысшы күшін төгіп, әлгілердің иегере алмай жатқан жерін жыртып бермек. «Ә-ә, дегеніңнен біліп ем, сарт екенсің» демекші 1 млн. га жер мен соя-пояның әңгімесі айтыла бастағанда-ақ бұның артында біздің билікке аса ықпалды латифундистердің  тұрғанын сезген едік. Осымен тәмам дейміз. Себебі Мемарондумға қол қойған тараптар келісім-шартты бір айдың ішінде тоқтатуға ғана қақылы болған екен.  Ал, есептей беріңіз 2009 жылдың  14-қазанынан бері қарай қанша ай аунап, алқынған апталар өтті...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3495