Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5274 0 пікір 29 Наурыз, 2010 сағат 11:14

«Мәкен қыздың дауы»

(пьеса)

(«Абай жолы» роман-эпопеясының желісі бойынша)

Қатысушылар:

Дәрмен - жетім өскен жігіт.

Мәкен - Дайырдың ғашығы.

Абай - халық жанашыры, Дәрменнің ұстазы.

Әбіш - Абайдың баласы.

Мағаш - Әбіштің жұбайы.

Кәкітай - Абайдың інісі Ысқақтың баласы.

Әлмағамбет - Дәрменнің жолдастарының бірі.

Баймағамбет - Абайдың атқосшысы.

Дайыр - Мәкеннің әмеңгері.

Оразбай - алпауытты бай, Абайдың дұшпаны.

Қорабай - Дайырдың қолшоқпары.

Сейсеке - Есентайдың танысы, бай.

Есентай - Оразбайдың жақтасы, бай.

Шұбар - Абайдың бауыры.

Юнусбек халфе - мешіт дінбасысы.

Шәрібжан халфе - мешіт дінбасысы.

Маковецкий - ұлық.

Әбді - Дәрменнің жолдастарының бірі.

Әбен - Затон тұрғыны.

Айша - Әбеннің әйелі.

Сейіл - Абайдың танысы, қайықшы.

Түсіп - қайықшы жігіт.

Сот бастығы, тілмаш, офицер, председатель, қайықшы жігіттер, биші арулар.

1-шымылдық

1-перде

(пьеса)

(«Абай жолы» роман-эпопеясының желісі бойынша)

Қатысушылар:

Дәрмен - жетім өскен жігіт.

Мәкен - Дайырдың ғашығы.

Абай - халық жанашыры, Дәрменнің ұстазы.

Әбіш - Абайдың баласы.

Мағаш - Әбіштің жұбайы.

Кәкітай - Абайдың інісі Ысқақтың баласы.

Әлмағамбет - Дәрменнің жолдастарының бірі.

Баймағамбет - Абайдың атқосшысы.

Дайыр - Мәкеннің әмеңгері.

Оразбай - алпауытты бай, Абайдың дұшпаны.

Қорабай - Дайырдың қолшоқпары.

Сейсеке - Есентайдың танысы, бай.

Есентай - Оразбайдың жақтасы, бай.

Шұбар - Абайдың бауыры.

Юнусбек халфе - мешіт дінбасысы.

Шәрібжан халфе - мешіт дінбасысы.

Маковецкий - ұлық.

Әбді - Дәрменнің жолдастарының бірі.

Әбен - Затон тұрғыны.

Айша - Әбеннің әйелі.

Сейіл - Абайдың танысы, қайықшы.

Түсіп - қайықшы жігіт.

Сот бастығы, тілмаш, офицер, председатель, қайықшы жігіттер, биші арулар.

1-шымылдық

1-перде

Айлы түн. Ауыл шеті. Қос ғашық шығады. Баяу толқыған ғашықтық әні ойнап тұрады.

Дәрмен. Осынау жиырма күн бойында сен менің жүрегімде бұрын өзім біліп барлап көрмеген өзгеше жалын тудырдың. Сенің жіңішке, сұңғақ бойың, сұлу көзің, шиедейін ернің, барынша нәзік сүйкімді жүзің маған өзгеше боп көрінеді. Гүлдей аңқыған исіңмен, жалындай ыстық лебіңмен бар тұла бойымды билеп алдың. (қимастық сезіммен) Сені қалай ғана өзге жанға қиярмын?

Мәкен. (ажары мұңлы) Сенің басың маған қандайлық екенін айтпай-ақ қояйын. Екеуміздің арамыздағы махаббат ыстық сәулелі, өзгеше таза қасиет сезімінен әсер ала туған махаббат есепті... Қанша сүйіп, жалын құша жүрсем де осы күйімді ешкімге, еш шақта ашпай сақтап қалу қолымнан келер деп жүруші едім. Уақыт өткен сайын шыдамсыздыққа көбірек ұшырасамын... Шыдай алар емеспін... (көзінде жас). Сенен айырылмақ ниетім жоқ.

Дәрмен. Жаным, аспандағы айым, менің де сені өзгеге қиярым жоқ...

Мәкен. Қорқамын... Дәрмен. Сенің басына қонған бақ емес, пәле боламын ба деп қорқамын.

Дәрмен. (жалбарына) Алмашы ауызына, ондай сөзді... Мәңгілік сертім болсын: мен сені әрдайым қорғап өтемін.

Дайырдың айғайы алыстан естіледі.

Дайыр. Мәкен қайдасын? Анау тұрған Мәкенсің бе? (әмір ете)Бері қарай бас, бері, маған бұр мойныңды? (Мәкен оның қасына тақалады) Бері таман жүр! Бас бері қарай! (Мәкенді қолынан тартады) Үйіңе қайт, қазір кет мынау кесір топтан! Шешеңнің қасына жет! Аз күнде келемін де аламын!

Мәкен. (қабақ шытып) Сізге не көрінді? Мұнша тасырлап неден бүліндіңіз?

Дайыр. Доғар сөзді, алма бетімнен! Жөнел қазір үйіңе!

Мәкен. Ақырмаңыз! Мен сіздің әйеліңіз болғам жоқ әлі. Болам деп те жүргем жоқ!

Дайыр. Өшір үніңді, жүзі қара!(қамшымен тартып жібереді)

Мәкен. Қуарған! Жауыз! (Дәрменге жалына қарайды)

Дәрмен. (қатуланып,араша түседі)Тоқтат! Айуанбысың? Не деген арсыз адамсың!

Дайыр. Тұр былай жолымнан. Ара түсем дейтін шығарсың, жерге қағармын шетіңнен!

Дәрмен. Мәкенді сендей айуанға қор қылмаспын! Әлім келгенше алысып өтермін.

Екеуі алыса кетеді.

Дәрмен. Қызды еркіне жібер. Өз қалауын жасасын.

Дайыр. Тапқан екенсің ақымақты. Мәкен менің өмірлік қосағым, жесірім. Оны менен ешкім тартып ала алмас!

Мәкен. (жан-жағына жалтақтай қарап) Кім бар? Көмектесіңдер... Қойындар енді! Қойсаңдаршы... өлтірді-ау... Көмектесіңдер!

Әбіш. (даусы алыстан естіледі) О не, немене, бұл кім?

Дайыр. Сенгенің Абай шығар! Абайың түгіл құдайынды пана тұтсаңда жерге тығармын! Ендігі ісім сенімен болсын! Сертім серт. Тарттырармын сазайыңды! (кетеді)

Мәкен. Еш жеріңе зақым келген жоқ па? Мен үшін сен күйетін болдың-ау?

Дәрмен. (ашуланып) Жаным, о дегенін? Сен үшін алысып өлсем арманым жоқ... Сені біреудің аяққа салып, таптағанын көріп тұра алмаймын?

Мәкен. Мәңгі қашқын болып өтуім бар, енді қайтіп Дайырдың жүзің көруден сескенемін. Құтқара көрші мені мына дауылдан...! (көзіне жас алып) Мен сендікпін... Жалғыз тастай көр ме мені!

Дәрмен. Ғашық жарым... (құшақтасады)

Әбіш. (жөтеліңкіреп) О немене? Жаңағы үстірт жүрген кім? Сендерге не болған?

Дәрмен. Әбіш аға, енді шыдай алар емеспін. Дайырдың осы салған әлегі де жетер! Абайдай әз ағаның басына кейіс салмай өтсем деуші едім. Жұртқа әлек салам деп қорқамын...

Әбіш. Дәрмен, сен жасқанба! Мен білемін, сен, әсіресе, Абай ағанды қинаймын ғой, дос-жаранды әлекке салам ғой деп жасқанатын шығарсың. Ең алдымен осындай күдікті жой. Әрине, жеңіл емес. Ауыр әлек, үлкен салмақ саласың дос-жараныңа. Бірақ сен Дәрмен болмай әлде біреу болсаң, бұлай жасқану, именуге болады. Ал сенің басын үшін, мен айтайын, өзім де, әкем де бір салмағыңды күйінбей көтереміз. Менің бұл сөздерімді Мәкен екеуін, әсте, естеріңнен шығармаңдар!

Дәрмен. Әбіш аға, сізге көп рахмет! Қиын шақта қолдау көрсетер сіздей жақыным болғанына қуанамын. «Жүк ауырын нар көтерер» дегендей нар тәуекелге бел буып, дәл осы түн Мәкенді алып қашсам ба деймін. Сіз не дейсіз, бұл іске?

Әбіш. Сүйген жаныннан айырылып қал ма? (Мәкенге қарап)Мәкен келісімін берсе, қолдаушың барда көзді жұмда тарта бер. (Мәкен келісімін бергендей күй танытады)

Әбіш өз жөніне кетеді. Қыз бен жігіт тәуекел етіп, қашпаққа бел буады.


Сурет "Намыс.кз" порталынан алынды.

ТОЛЫҒЫМЕН ЖҮКТЕУ.......

 

0 пікір