Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3899 0 пікір 29 Наурыз, 2010 сағат 05:15

Бауыржан ҚАРАБЕКОВ, ӘДЕБИЕТКЕ ЖАҚЫН АДАМ БИЛIККЕ БАС ИМЕЙДI

Қоғамдағы кез келген түйткiл ең алдымен ақын жанына әсер етедi. Өйткенi жыршы-жырау, ақындар ежелден хан мен қарашаның арасында дәнекерлiк қызмет атқарып, ел-жұрт мүддесiн бiр сәт те ұмыт қалдырмаған. Ендеше, ақынның сөзi - Алланың үнi екенiн түсiнген абзал. Осы орайда өз ойын бүкпей айтатын ақындарымыздың бiрi Бауыржан Қарабековпен әңгiмелесудiң сәтi түстi.

 

- Әркiмнiң Отан алдындағы функциясы, яғни мiндетi әртүрлi. Ақын ең алдымен азамат болуға тиiс. ­Сiз елiңiз үшiн қандай еңбек сiңiрдiм деп айта аласыз?

- Бүгiнге дейiн оппозициялық «Азат» партиясының барлық iс-шараларының басы-қасында болдым. Солардың көтерiп жүрген мәселелерiн жақсы түсiнемiн. Жас мемле­кет­пiз. Мойнымызға артылған жүк ауыр ма, жеңiл ме, бел­гiсiз... Iлгерi қозғалған көшiмiз үнемi бағытынан айнып, шалыс баса бередi. Қазаққа қатысы бар кез келген мәселе менi тол­ғандырмай қоймайды. Мұндай шақта бұқаралық ақпарат құ­ралдары арқылы өз пiкiр­ле­рiмдi бiлдiрiп отырамын.

- «Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дейдi. Өзiндiк ай­тары жоқ кiсiлердiң ше­неу­нiктерге жағатындығын байқаған боларсыз. Ешқандай мәселелерге араласпай-ақ, тып- тыныш жүрiп, мансап жолын қуып, билiк­тiң тұтқасын ұстап отырмағаныңызға өкiнетiн кезiңiз болатын шығар?

Қоғамдағы кез келген түйткiл ең алдымен ақын жанына әсер етедi. Өйткенi жыршы-жырау, ақындар ежелден хан мен қарашаның арасында дәнекерлiк қызмет атқарып, ел-жұрт мүддесiн бiр сәт те ұмыт қалдырмаған. Ендеше, ақынның сөзi - Алланың үнi екенiн түсiнген абзал. Осы орайда өз ойын бүкпей айтатын ақындарымыздың бiрi Бауыржан Қарабековпен әңгiмелесудiң сәтi түстi.

 

- Әркiмнiң Отан алдындағы функциясы, яғни мiндетi әртүрлi. Ақын ең алдымен азамат болуға тиiс. ­Сiз елiңiз үшiн қандай еңбек сiңiрдiм деп айта аласыз?

- Бүгiнге дейiн оппозициялық «Азат» партиясының барлық iс-шараларының басы-қасында болдым. Солардың көтерiп жүрген мәселелерiн жақсы түсiнемiн. Жас мемле­кет­пiз. Мойнымызға артылған жүк ауыр ма, жеңiл ме, бел­гiсiз... Iлгерi қозғалған көшiмiз үнемi бағытынан айнып, шалыс баса бередi. Қазаққа қатысы бар кез келген мәселе менi тол­ғандырмай қоймайды. Мұндай шақта бұқаралық ақпарат құ­ралдары арқылы өз пiкiр­ле­рiмдi бiлдiрiп отырамын.

- «Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дейдi. Өзiндiк ай­тары жоқ кiсiлердiң ше­неу­нiктерге жағатындығын байқаған боларсыз. Ешқандай мәселелерге араласпай-ақ, тып- тыныш жүрiп, мансап жолын қуып, билiк­тiң тұтқасын ұстап отырмағаныңызға өкiнетiн кезiңiз болатын шығар?

- Математикалық логикамен айналысқан адаммын. Билiк сатысының белгiлi бiр же­рiне барған соң, тоқтап қалатынымды бiлемiн. Мансап жолының өз ойындары, өзiне ғана тән қағидалары бар. Сондықтан мен билiктен аулақ жүре­мiн. Мұның ақ-қарасын баяғыда-ақ ажыратып алғанмын.

- Сiз - ақынсыз. Бiрақ ақындық мамандық емес қой. Өз мамандығыңыз жайлы айта кетсеңiз...

- Кiшкене күнiмде үйдегi сөрелерде батырлар жыры сiре­сiп тұратын едi. Әжем маған батырлар жырын кемпiр-шалдарға оқытып қоятын. Тiптi әкем сол жырлардың күйтаспасын да әкеп бергенi бар. Санамда әбден жатталып қалғаны сонша, 60-70 бет жыр жолдарын кiтапқа қарамай-ақ жатқа соғушы едiм. Әкем өнердi сүйетiн. Үйiмiзге әртүрлi ақын-жазушылар, өнер адамдары көп тоқтайтын. Ол бiрде: «Балам, өлеңдi өзiңмен бiрге тас­тамай алып жүр. Ал бiрақ мына заман - ғылым мен техниканың заманы. Сен инженер бол...» - деп ақылын айтты. Жоғары сыныпқа көтерiлген сайын, әке сөзiнiң растығына көзiм жете түстi.

Сөйтiп, мен бағытымды ай­қындадым. Сол кездерi Мексикада футболдан әлем бiрiншiлi­гiнiң жарысы өттi. Қай команданың жеңiмпаз болатындығын әркiм өзiнше топшылап жатты. Сонда электрондық есептеу машиналары да сәуегейлiк жасады. Бұған мен елең ете қалдым. Футболдың нағыз жанкүйерi болатынмын. «Электрондық есептеу машиналары қалай ойналмаған ойынның болашағын болжайды?» деген сауал менi қатты ойландырды. Алматы политехникалық институтының автоматика және есептеу фа­куль­тетiнiң автоматтандырыл­ған жүйелердi басқару мамандығы бойынша оқуға қабылдандым. Балым жоғары болғандықтан, мен Мәскеуге оқуға ұсынылдым. Онда ағылшын тiлiнен талап жоғары болатындығын бiлiп, Алматыда қалғанды жөн деп таптым. Осындағы оқуымды ойдағыдай тамамдап, кейiн Мәс­кеудегi аспирантураға түс­тiм. Жасанды бейнелердi зерттеу мәселерi бойынша алғашқы ғы­лым кандидаттарының санатында болдым. Әлемге әйгiлi немiс ғалымы Петри желiлерi теориясының негiзiн қалаушы Карл Адам Петридiң ұсынысы бо­йынша Гамбург университе­тiнде докторантурадан өттiм. Сол уни­верситеттiң докторы да атандым. Осы жылдардың бә­рiн­де өлең менiң жанымнан бiр сәтке де ұзаған емес, толған­ған-торыққан кездерiмде жү­ре­гiмдi жебейтiн. Көптеген орыс ғалымдары өсу жағын ойлап, әрмен қарай шетелдерге кеттi. Ал мен туған жерiм - Қазақстанға оралдым. Сыртта жүрiп, Одақтың таяу жылдарда тарқайтындығына көзiм жеттi. Мен елге келген соң, бiр айдан кейiн партия тарқады, жарты жылға жетпей, Одақ ыдырады.

- Сiз елге келгенде өзiңiз қатарлас ақындар өлеңдерiн өрiстетiп, танымалдық жағынан болсын, деңгей жағынан болсын, алға озып кеткендей ме едi, қалай?

- Ақын болып, атағымды шығаруды ешқашан ойламағанмын. Жаңадан құрылып жатқан жас мемлекеттiң шаруасына белсене кiрiсiп кеттiм. Қаржылық институттардың құрылуына атсалыстым. Бүгiнде осы салада қызмет атқарып келемiн. Осы жылдары өлең жазуға мен түпкiлiктi бет бұрдым. Сонда көп ақындардың алға озып кеткендiгiн, кейбiреулердiң өз арнасын таба алмай, әлi адасып жүргендiгiн бажайладым. Сонымен қатар өлеңдерiмнiң техникалық олқы тұстарын байқап, көп еңбектену керектiгiн ұқ­тым. Батыстан келiп, қалың әде­биеттiң ортасына күмп етiп қой­ып кеттiм. Бұл бойымда сыңғырлап келе жатқан музаның айқара ашылуына айрықша әсер еттi.

Бұрын әлемдiк, орыстық және қазақ поэзиясын жан ләззаты үшiн оқушы едiм, ендi кәсiби тұрғыда зерделеуге күш жұмсадым. Есенғали Раушанов, Аманхан Әлiм, Ғалым Жайлыбай, Қасымхан Бегманов секiлдi ақындармен етене араласып тұрдық.

Олар достық пейiл, жанашырлықпен өз пi­­кiр­лерiн бiлдi­рiп жүр­дi. Осының бәрi менiң ақын ретiнде тез қалыптасуыма ықпал еттi.

- Сонымен, сiздiң негiзгi мамандығыңыз техникаға қа­тыс­ты болып шықты. Сондай-ақ, тұла бойыңызда поэ­зияға деген шексiз iңкәрлiк барына еш дау жоқ. Сыртқы әлем­дi айтпағанда, сiздiң болмысыңыздың өзiнде бiр-бiрiне кереғар, қарама-қайшы поэ­зия мен алпауыт техниканың, қаржы ұғымдарының тар­тысы жүрiп жатқандай көрiнедi.

- Мен де солай ойлаушы едiм. Қазiр ақын-жазушылардың көбi газет-журналдарда, бас­паларда отырады. Оларды күнделiктi мақалалар езiп жiбе­ретiн, шығармашылық шабытын жеп қоятын тәрiздi. Ал менiң жан қалауым мен қызме­тiм - екi түрлi. Бiрiнен екiншiсiне ауысқан кезiмде тың күйiмдi сақтап, аңсап келемiн. Мен айналысқан математикалық логиканың түп атасы - логика. Ойлаудың ақи­қаттығын зерттейтiн логика емес пе? Өлеңде де ой бар. Осы тұрғыдан жұмысым мен шығармашылығым үйлесе­тiн секiлдi. Қызметiм мүлде бө­лек тәрiздi. Бiрақ мұнда да оймен ойнайды, өлеңде де оймен ойнайды.

Поэзияның ғұмыры қысқа. Есенин, Пушкин, Лермонтовтар дүниеден ерте озды. Шығармашылықтарына мән берсең, олар өз шыңдарын да бағындырып кеткен жандар. Өздерi ажал құш­са да, жалынды, асқақ рухтарын сақтау үшiн күрестi. Поэ­зияның ғұмыры қысқа болғандықтан, мен өзiмдi өлеңге кеш келдiм деп есептемеймiн. Абай да түбегейлi өлең жазуға қырықтан асқанда барып отырған. Мен болсам 35 жасымда жарыққа шы­ға бастадым. Кейде «Әдебиетке келу уақытымды сұрасаңдар, Ма­рал­тайлар бастаған жас ақын­­­­­дардың буынына жатамын», - деп әзiлдейтiнiм бар. Олар да қостайтын секiлдi.

- Кезiнде елiмiзде 169 инвес­тициялық жекешелендiру қоры болды. Тек сiз басқар­ған «БУТЯ КАПИТАЛ» же­ке­ше­лендiру қоры ғана халықпен есеп айырысты...

- Елiмiзде болған жекеше­лендiру реформасы сәтсiз аяқ­тал­ды. Көп мекемелер тiсте­ген­нiң аузында, ұстағанның қо­лын­да кеттi. Акцио­нер­лердiң жалпы  жиналысын өткiзiп, бiз де қор жұмысын тоқтатуға мәжбүр бол­­дық. Екi жарым миллионнан астам салымшысы бар қор салымшыларымен есеп айырысты. Бұл қадамымыз билiк­ке ұнамады. Құрдымға кеткен 169 қорды елеместен, бiзге шүйлiктi. Қор­дың басқарушысы болған менi екi рет абақтыға жапты, үй күзе­тiнде ұстады. Жылға жуық сот про­цестерi жүрдi. Айып таға алмай, ойланып-толғанып, iстi қайта тергеуге жiбердi. Менiң ұқ­қа­ным - билiк тарапынан бол­ған бұл шаралардың барлығы саясаткер Болат Әбiловтiң тiке­лей саяси көзқарасына байла­нысты. Сын, мiн көтере алмайтын кербез келiншектей, бұл билiк халқына ойына келген ойранын жасап жатыр.

- Бiр данышпанның: «Адамдар екiге бөлiнедi: түрмеде­гiлер және түрмеде болуға тиiс­тер», - деген сөзi есiмде қалып қойыпты. Өзiңiз де абақтының шет-жағасын көрiп қайттыңыз. Онда түс­кен адам қандай күйде болады екен?

- Ол жерге Құдай ешкiмдi апармасын. Отыз жетiншi жылдары қазақтың талай зиялылары қамауға алынды ғой. Мәдидiң:

«Абақты қатар-қатар болады екен,

Iшiне жақсы-жаман толады екен.

Iшiне абақтының кiрiп барсаң,

Көңiлiн су сепкендей болады екен», -

деген өлең жолдары бар.

Түрме - мемлекеттiк жой­қын машина. Оған қарсы келе алмайсың. Онда күнделiктi өмiр­­дегi пендешiлiктердiң құны көк тиын­ға айналады. Тек азаттық қана қымбат болады. Менiң сол кезде достарым көп едi: генералдар, облыс басшылары, министрлер және тағы басқалар. Солардың бiреуi қиын шақта қа­сым­нан табылмады. Абақтыға келiп, менi ол жерден суырып алған ақындартұғын. Олар үн­деу жариялады. Солардың үнде­уiн естiгенде қайраттанып, бойыма күш-қуат құйылды. Қандай әдi­лет­сiздiк болса да, күресуге әзiр екенiмдi анық се­зiн­дiм. Ға­лым Жайлыбай, Қазыбек Иса, Әлiбек Шегебай, Аман­гелдi Кең­­шiлiк­ұлы секiлдi бiр топ жас ақын-жазушылар еш нәрседен жасқанбай, қаржы полициясының алдына келiп, қасқайып тұрды. «Ақын­­ға ақын ғана көмекке келе­дi немесе ақын - жалғыз» деген түсiнiк рас екен. Осыдан кейiн мен поэзияны одан сайын сүйе түстiм.

Соған қарамастан, мен қан­ша ышқынсам да, күрескер өлең тудыра алмадым. Керiсiн­ше, табиғаттың өзi секiлдi сазды, мұң­лы жыр жолдары көңi­лiмдi тербете бердi. Мысалы:

...Ғұмыр дария -

Менiң аппақ айдыным.

Сенi көрсем жоғалады қайғы-мұң,

Естелiк боп еске түсер тай күнiм,

Алқынамын алдын бермей бәйгенiң,

Сайран ғұмыр,

Қайран ғұмыр - байлығым! -

деп келетiн «Ғұмырдария» атты өлеңiм де көңiл күйiн шертедi. Мұны құм кешiп, Сыр бойында өскен адамның қиналғанда туған жерiн аңсауы және өткен ғұмырын дариямен шеңдестiруi деп ұққан жөн.

- «Өмiрiмнiң өрнегi» деген өлеңiңiзде «Күйiн кешсем зар­лының, күйiн кешсем Арлының - Талапайда тағдырым» деген секiлдi жолдар бар екен...

- Ер жiгiттiң басына нелер келiп, не кетпейдi? Басыма түс­кен iс менi мойыта алған жоқ. Қайта одан сайын ширығып, шың­дала түстiм. Өмiрде де, өлең­де де өз дауысың, өз үнiң бол­­ғанға не жетсiн?! Бұқпантайлап, лауазым иелерiнiң ығына жығылып, биiкке өрлеген ше­неу­нiктер менсiз де жетiп артылады. Ондай мансап қызықтырмайды да, мендегi жүрек оған пысқырмайды да. Қазақ жастары Абай шығармаларын көбiрек оқулары керек. Бiздiң қазiр айтып жүрген дүниелерiмiздi Абай сол кездiң өзiнде-ақ айтып тастаған. Абай өлеңдерiне әрбiр оралған сайын, жас түлектiң көзi ашыла түседi. Әдебиетке жа­қын халық шенеу­нiктерге бас имейдi. Билiктiң ел-жұртқа тие­сiлi жер­дi сатып жi­бе­руге ешқандай да құқы жоқ. Ата-бабаларымыз ұл­тарақтай жердi қасық қаны қалғанша қорғады. Бабалар дәстүрi бойынша хан тек халықты басқарады, оның жер - қараша халықтың мәңгiлiк меншiгi.

Қазақтың сөз мәйегiн бойына сiңiрген азаматтар парла­мент­те отырса, бүгiнгi көптеген мәселелер бiр-ақ күнде шешiлер едi. Қазiр парламенттi «Нұр Отан» партиясы жайлап алған. Олар проблеманы көтеруге келгенде, бiр адамға жалтақтайды немесе тiптi өзiнше ойлауға өре­лерi жетпейдi. Әбден парақорлықтың былығына батқандар шоғырланған. Парламентте қа­зақ тiлiн қастерлейтiндердiң саны аздығының зардабын тартып отырмыз. Ондағылар нағыз халық қалаулылары болмай, қазақ мәселесi шешiлмейдi.

Патшаға табынушылыққа кетiп барамыз. Өте ұят жағдай. Түрiкмендерге күлiп едiк, ендi әлгiндей арсыздық өз басымыз­ға келгелi тұр. Бұл менi қатты қынжылтады. Астана жаққа қарағым да келмейдi. Тек өле­ңiм­мен ғана жұбанамын. Оңаша қалып, табиғатпен сырласқанды ұнатамын. Бiр пендешiлiк ақын-жазушылардың арасында да бар көрiнедi. Атақ алу үшiн араға адам салады екен. Соны көрiп, атаққа деген көңiлiм су сепкендей басылды.

- «Құмдағы жазулар» деген өлеңдi әжеңiз Раушанға арнаған екенсiз...

- Атам соғыс жылдарында дүниеден өткен. Ол кiсiнiң колхоз басқарып, майданға қосқан сүбелi қызметтерi үшiн үйде Сталиннiң алғыс хаты сақтаулы тұр. Содан мен әжемнiң қолында өстiм. Ол кiсi ертегi айтқанда, жұлдыздардың арасында ұшып жүргендей қиял-ғажайып әлемге шомып кетушi едiм.

- Ақын Әбубәкiр Қайранның кiтабы «Маңдайдағы жазулар» деп аталса, ал сiз соңғы шыққан кiтабыңызға «Құмда­ғы жазулар» деп ат қойыпсыз. Сонда ол кiсi сiзге: «Құм­­да­ғы жазулар өшiп қалмай ма?» - деген сауал қойған екен...

- Құмда мұң бар, құмда зар бар. Құм - мәңгiлiк! Құм сусиды, құм сыңсиды, сырласқан адамға күш бередi. Ол - үлкен философия! Құм көне шаһарларды, балбал тастарды қойнына жасырып қалған. Соның бәрi көшiп жүретiн құмның астынан әйтеуiр бiр кезде аршылып шығады. Менiң құмдағы жазулар дейтiнiм - сол. Әбубәкiр Қайранның сауалына:

«Мұң жетiм бе,

Бiлмеймiн, жыр жетiм бе,

Кiрпiгiмдi iлмейтiн күнде, түнде.

Қызыл арай қызуы қыздырғалы

Жазуларды оқыдым құм бетiнде», -

деп басталатын өлеңiммен жа­уап берген болатынмын.

- Ол кiсi: «Бауыржанның еш­­бiр өлеңiнен жасандылық пен күшеншектiк атаулының iзiн де таппайсыз. Тiптi оның кей­бiр өлеңдерiнiң тiлге оралымдығы сонша, өзiң бұрыннан бiлiп, жаттап жүрген шумақтардай сезiледi. Тiлге орам­ды өлеңнiң жүрекке жұ­ғымды болатыны бесенеден белгiлi», - деп жағымды пiкiр бiлдiре отырып: «Қызыл күн мен қызыл құмды бiрнеше өлеңдерiнде орынды-орынсыз қайталай беруден жалықпайды», - деген секiлдi сын айтады. Бұған не дейсiз?

- Туған жерден, өзiм сүйетiн шағыл құмнан ұзақ жылдар бойы шалғайда жүрiп, үлкен сағынышпен, үлкен шабытпен жыр жазғанымда, ойыма шумақталып келген жолдарды қа­лай келсе, солай түсiретiнмiн. Әбiш­тiң сол шынайы сын-ес­керт­пе­лерiн ескерiп жүргендей­мiн.

Әңгiмелескен -

Алғадай АСҚАР

«Общественная позиция»

(проект «DAT»12 (49) от 24 марта 2010 г.

 

0 пікір