Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3386 0 пікір 28 Наурыз, 2010 сағат 18:20

Су басу қаупіне байланысты Алматы облысының Құрақсу аулының 225 тұрғыны эвакуацияланды

Алматы. 28 наурыз. ҚазТАГ – Сенбі күні кешкісін су басу қаупіне байланысты Алматы облысының Ақсу ауданы Құрақсу аулының 225 тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖМ.

Хабарда айтылғандай, су басу қаупі Ақсу өзеніндегі және ауыл маңындағы көлдердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты орын алды. Ақсуда 70 аула үй бар және онда 225 адам тұрады.

«27-ші наурыздағы сағат 21-ге барлық тұрғындар ауылдағы орта мектепке эвакуацияланды. Тамақ беру ұйымдастырылды, медициналық қосын жұмыс істейді, мектепте жылу бар», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарында.

Сонымен қатар сенбі күні 18 сағатта Құрақсу-Матай автожолының 16-шы шақырымындағы бетон көпірді су шайып кетті.

«18 сағат 30 минутта ТЖ орнына Алматы облысының «ӨСжәне АҚЖ» МБ бастық орынбасары, өртке қарсу күрес қызметінің полковнигі П. Андреев бастаған жедел топ барды. Өткелді су шайып кетуі себепті Құрақсуға баратын жол болмай қалды», - делінген хабарда.

Көпірді қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендеген соң басталады.

0 пікір