Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3543 0 пікір 28 Наурыз, 2010 сағат 18:17

Қазақстанда «KazSat-3» жасау мен ұшыруға конкурс жарияланды

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда «KazSat-3» жер серігін жасау мен ұшыруға конкурс жарияланды, деп хабарлады ұлтық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.

«ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына сай, ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) ведомстволық тәуелді кәсіпорны «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ (ҒБ РО) шетелдік ғарыштық аппараттарды жасаушыларды ұлттық геостационарлы байланыс және хабар тарату «KazSat-3» жер серігін жасау және ұшыру жөніндегі ашық конкурсқа қатысуға шақырады», - делінген Қазғарыштың ресми сайтындағы хабарда.

Конкурсты өткізу шарттары, қатысушыларды тіркеу тәртібі, сатып алынатын  қызметтер үшін талап етілетін техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамалары, олардың көлемі, мерзімдері және көптеген басқа талаптар туралы компанияның сайтынан білуге болады –  www.rcsc.kz   Мемлекеттік сатып алу бөлімі (State purchasing) – Ашық конкурс (Open competition).

Бұрын хабарланғандай, ұлттық ғарыш агенттігі «KazSat-3» ғарыштық аппаратын (ҒА)  жасау жөніндегі техникалық экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеген болатын.  «KazSat-3» ҒА жасау мен ұшыру бойынша жұмыстар басталды. «KazSat-3» ғарыштық байланыс жер серігін жасау мен ұшыру бойынша жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемесі және оны жасаудың техникалық тапсырмасы әзірленді», - деп хабарлаған агенттік баспасөз қызметі биылғы ақпан айында.

«KazSat-3» жасау жөніндегі жоспар Қазғарыштың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590