Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3295 0 пікір 26 Наурыз, 2010 сағат 18:26

Шығыс Қазақстанда тасқын су ахуалы «өте күрделі» – ТЖМ басшысы

Өскемен. 26 наурыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тасқын су басып өткен соң, шығыс және солтүстік өңірлерінде су тасуы одан да күшті болады деп күтілуде. Бұл туралы ТЖМ басшысы Владимир Божко ШҚО ТЖ жөніндегі облыстық штаб отырысында мәлім етті.

«Үлкен материалдық шығынға байланысты жағдай өте күрделі. Су тасудың екінші кезеңінде Күршім, Зырян, Қатон-Қарағай, Глубоковский, Шемонайха аудандары мен Өскеменде проблемалар туындайды», - деді В. Божко.

Министр, бұл өңірлерде «таң қаларлық» жағдай қалыптасып отыр деп есептейді. Көктемгі су тасқынында кейбір селолар «жыл сайын дерлік бір-екі көшесін жоғалтады, және жағдай өзгермейді», - дейді ол.

«Өскеменде жыл сайын Үлбідегі бөгетті су шаяды. Неге оны түбегейлі түрде салып, су ағызатын арналар жасамасқа?», - деп таңданды ТЖМ басшысы.

Одан басқа, облыс тұрғындарының арасында су тасығанда не істеу керектігі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Оның пікірінше, бүгіндері зардап шеккен аудандарда ешкім тасқын суға дайын болмаған, адамдарда, дейді министр, «суды бұруға күректері де жоқ». 

«Тәжірибе көрсеткендей балалар арқылы жұмыс істеген тиімді. Оңтүстік Қазақстанда осындай тасқын судан соң мультфильм түсіріп, ол жергілікті телеарналарда, мектептерде көрсетілді. Балалар ондағы айтылғандарды тез игеріп, кейін ата-аналарына үйретті. Су тасығанда не істеу керектігі туралы мектептерде сабақ өткізу керек, кітапшалар тарату керек», - дейді В. Божко. 

Бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстанға 24-ші наурызда жұмыс сапарымен оңтүстік өңірлердегі тасқын су ауқымын көзімен көру үшін ТЖМ басшысы В. Божко келген. 24-25-ші наурызда минитср Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандарын, сондай-ақ Өскеменнің су басуы мүмкін учаскелерін аралап көрді.

0 пікір