Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3136 0 пікір 25 Наурыз, 2010 сағат 06:12

Көкшетаулық «Любимый город» газетіне 2,5 млн теңге сомаға шағым берілді

Алматы. 25 наурыз. ҚазТАГ – Көкшетауда «Эксперт Арсенал» ЖШС іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін деп, «Любимый город» («Сүйікті қала») газетінің меншік иесін сотқа берді, деп хабарлады сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» халықаралық қоры.

Қор таратқан хабарда шағым беруші келтірген шығын 60 мың теңге деп, моральдық зиян 2,5 млн теңге, және сот шығындары 116 теңгені  жауап берушіден өндіріп беруді соттан сұрап отырғаны айтылады.

Сотқа шағым беруге себеп болғаны - «Любимый город» («Сүйікті қала») газетінің ақпан айындағы номерінде «Детская забастовка» («Балалар ереуілі») атты мақаланың жариялануы болды. Онда оқушылардың ереуілдеуіне себеп болғаны - ҚР бірінші президентінің атындағы мектеп оқушыларына бұзылған тамақ берілгені туралы айтылады.

Ал мектепке тамақ жеткізумен дәл осы «Эксперт Арсенал» ЖШС айналысқан.

0 пікір