Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3343 0 пікір 25 Наурыз, 2010 сағат 04:42

Мемхатшы Саудабаев Жапонияның ірі компанияларын ҚР экономикасының шикізаттық емес секторындағы жобаларға белсенді инвестиция салуға шақырды

Токио. 25 наурыз. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Жапонияның ірі компанияларын Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы жобаларға белсенді инвестиция салуға шақырды.

«Нақты істердің уақыты келді деп есептеймін. Жапонияның белді корпорацияларын Қазақстандағы жобаларды іске асыруға шақырамын. Біз сіздерден нақты ұсыныс естігіміз келеді», - деді Қ. Саудабаев бейсенбі күні Токиода саяси және аккадемиялық топ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторына шетелдік инвестиция мен технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді. Бұл үшін үкімет инвесторларға деген едәуір жеңілдіктер мен ерекше жағдайлар қарастырып отыр.

«Бірақ, өкінішке қарай, қазір жапондық компаниялар басқа шетелдік инвесторлардан едәуір қалып келе жатқанын айтуымыз керек. Жапония әлем экономикасында ең технологиялы және екіншісі бола тұрып, Қазақстандағы инвестиция көлемі жағынын 13-ші орында ғана тұр», - деді ол. 

Жағдайды жақсарту үшін, деп жалғастырды Қ. Саудабаев, Қазақстан екіжақты құқықтық-келісім базасын жетілдіріп жатыр. Атап айтқанда, 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қосарланған салықты болдырмау мен кіріске салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция күшіне енді. Бұдан басқа, Жапониямен өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Қазақстан СІМ басшысы республика, жапондық технологияларды енгізу мен жапон бизнесін орта-азиялық, Кавказ және Ресей аймақтарына таратудың өзінше «хабы» бола алады деп сендірді.

«Бұл Қазақстан, Ресей, Беларусиямен Кедендік одақ құру жағдайында ерекше маңызды. Шетелдік компанияларға бизнес-климаты өте қолайлы Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар ашып, одан соң өз тауарларын 200 млн халқы бар Кеден одағы нарығына ешқандай кедергісіз сатуларына болады», - деп атап көрсетті Қ. Саудабаев.

0 пікір