Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4008 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 10:33

Шыңғыс хан тыңдаған жырдың шындығы

Сөз басында оқырманды әдебиет бет биылғы жылғы жоспарымен қысқаша таныстыра кеткендi жөн көрiп отырмыз. Ең бiрiншi, бiраз уақыт жүргiзiлуi тоқтап қалған «Бiздiң кiтапхана: 20 таңдамалы» айдары қайта қолға алынатын болады. Бұрынғы «Зерде», «Сына», «Мозаика» айдарлары да жаңғыртылады. Сондай-ақ «Жазылмаған шығарманың сұлбасы», «Үздiк ондық», «Бiр өлең – бiр әлем» секiлдi жаңа айдарлармен берiлiп отыратын материалдарды да оқырман назарына ұсынатын боламыз.
Әмiрхан Балқыбек
Көрiпкел кiтаптар

Сөз басында оқырманды әдебиет бет биылғы жылғы жоспарымен қысқаша таныстыра кеткендi жөн көрiп отырмыз. Ең бiрiншi, бiраз уақыт жүргiзiлуi тоқтап қалған «Бiздiң кiтапхана: 20 таңдамалы» айдары қайта қолға алынатын болады. Бұрынғы «Зерде», «Сына», «Мозаика» айдарлары да жаңғыртылады. Сондай-ақ «Жазылмаған шығарманың сұлбасы», «Үздiк ондық», «Бiр өлең – бiр әлем» секiлдi жаңа айдарлармен берiлiп отыратын материалдарды да оқырман назарына ұсынатын боламыз.
Әмiрхан Балқыбек
Көрiпкел кiтаптар
Кейде менiң қиялымда мынандай ой көрiнiс бередi. Өзiмдi жиырмадан асар-аспас жасында әлемдi қалай жаулаймын деп алқынған Александр Македонскиймен де, құйттай ғана Корсикасына тәуелсiздiк алып беремiн деп жүрiп, алып Еуропаның даму бағытын мүлдем жаңа арнаға қалай бұрып жiбергенiн аңғармай қалған Наполеон Бонапартпен де емiн-еркiн тiлдесiп, әңгiмелесе алатындай сезiнiп кетемiн. Әрине, Ескендiрмен (Александрдың қазақшасы) арамызда бiрнеше мыңжыл, Наполеонмен ортамызда екi-үш ғасыр уақыт жатқан болса да. Нелiктен? Бәлкiм, бұл олардың ғұмырбаяндарына қатысты дүниелердi бала кезiмнен жата-жастана, iндете оқығандығымнан болар? Өмiрлерiнiң басты кезеңдерiмен жақсы таныстығымнан шығар? Мүмкiн. Бәрi мүмкiн.

 

Сөз басында оқырманды әдебиет бет биылғы жылғы жоспарымен қысқаша таныстыра кеткендi жөн көрiп отырмыз. Ең бiрiншi, бiраз уақыт жүргiзiлуi тоқтап қалған «Бiздiң кiтапхана: 20 таңдамалы» айдары қайта қолға алынатын болады. Бұрынғы «Зерде», «Сына», «Мозаика» айдарлары да жаңғыртылады. Сондай-ақ «Жазылмаған шығарманың сұлбасы», «Үздiк ондық», «Бiр өлең – бiр әлем» секiлдi жаңа айдарлармен берiлiп отыратын материалдарды да оқырман назарына ұсынатын боламыз.
Әмiрхан Балқыбек
Көрiпкел кiтаптар
Кейде менiң қиялымда мынандай ой көрiнiс бередi. Өзiмдi жиырмадан асар-аспас жасында әлемдi қалай жаулаймын деп алқынған Александр Македонскиймен де, құйттай ғана Корсикасына тәуелсiздiк алып беремiн деп жүрiп, алып Еуропаның даму бағытын мүлдем жаңа арнаға қалай бұрып жiбергенiн аңғармай қалған Наполеон Бонапартпен де емiн-еркiн тiлдесiп, әңгiмелесе алатындай сезiнiп кетемiн. Әрине, Ескендiрмен (Александрдың қазақшасы) арамызда бiрнеше мыңжыл, Наполеонмен ортамызда екi-үш ғасыр уақыт жатқан болса да. Нелiктен? Бәлкiм, бұл олардың ғұмырбаяндарына қатысты дүниелердi бала кезiмнен жата-жастана, iндете оқығандығымнан болар? Өмiрлерiнiң басты кезеңдерiмен жақсы таныстығымнан шығар? Мүмкiн. Бәрi мүмкiн.
Дегенмен менiң қиялым бұл сауалға басқашалау жауап бергендi дұрыс көредi. Және бiр қызығы, бұл жауаптың мазмұны бүгiнгi күнi әлдекiмдер татар дәмi түгесiлер сәт ендiгi тақалып қалды деп шуласып жүрген ұлы мәртебелi кiтапқа барып тiреледi. Мен олардың, болашақ ұлы жаһангерлердiң, балаң қиялына салмақ салып, балғын рухтарын қатайтуына себепшi болған көнекөз жәдiгерлердi бiлетiн болып шығамын. Иә, Ескендiрдiң темiрқазығы философтар атасы атанған Аристотельдiң өзi мәтiнiн қағазға түсiрiп, кiтап қып түптеп берiптi-мiс делiнетiн Гомердiң «Илиадасы» болғаны белгiлi. Александр бүкiл саналы ғұмырында осы жырдың қаһармандарының бiрi, пенде баласының келер ұрпаққа белгiсiз мимырт та мамыражай тiршiлiгiнен гөрi қысқа да болса ел есiнде мәңгiлiк сақталып қалар даңқты тағдырды қалаған Ахиллге елiктеп өттi. Наполеонның сүйiктi ақыны да осы Гомер, оның «Илиадасы» мен «Одиссеясы» болды. Наполеон соғыста ерлiк көрсеткен жауынгерлерi мен қолбасыларын «Илиаданың» ержүрек батырларымен шендестiре отырып мадақтаса, жыр қаһармандарының iзiмен Кiшi Азия жағалауына түсiп, Ахилл қабiрiнiң басында оның рухына бағыштап жарыс өткiзген Александрдың сөзiн тарихшы Плутарх былай деп жеткiзедi: «... Ол Ахиллдi бақытты адам санайтынын, көзi тiрiсiнде қасында жан досы, өлгесiн даңқын әлемнiң төрт бұрышына түгел жаяр ұлы жыршысы болғандығын айтты» (Плутарх, «Избранные жизнеописания», Москва, 1987, 2 том, 375-бет). Бүгiнде жиырманың о жақ, бер жағында Ахиллдiң жасындай ғұмырына тамсана толғанған осы Александрды да бүкiл әлем бiледi. Тағдырына тек грек Плутарх қана тамсанып қойған жоқ, парсының Жәмиi, қазақтың Абайы секiлдi ұлы ақындарда оның аңызға ұласқан өмiрiнен алып жыр-дастандар жазды. Осылайша, ұлы дастан ұлы тағдырды дүниеге алып келдi. «Илиаданың» жыр жолдарында бала Александрдың болашағы болжанды, ұлы арманының айнымас бағдаршамы iспеттi темiрқазығы жоғарыға көтерiлдi.
Иә, адамзат баласы тудырған дүниелердiң iшiнде, санаулы болса да көрiпкел кiтаптар да ұшырасып қалады. Олар аз, бiрақ бар. Бұл анық. Және олар сенi әрдайым қиыс баспа, мен болжаған, мен нұсқаған жолмен ғана жүр деп жетектеп отырады. Қиналғанда ерiксiз сол кiтаптарға қолыңды созасың.
Дала дастанына мадақ
Тарих ұлы жаһангерлер ретiнде тек македондық Александр мен корсикалық Наполеонды ғана бiлмейдi, олардың қатарында бiздiң Ұлы Даланың перзенттерi де ұшырасып қалады. Және олардың iшiндегi бiрегейi әлемге аты жайылған айбарлы Шыңғыс хан екендiгiне ешкiм де шәк келтiре қоймас. Демек, Шыңғыс хандай айтулы тұлғаны тарих сахнасына алып шыққан, оның тағдырын болжап, болашағына көрiпкелдiк жасаған Гомердiң «Илиадасына» бергiсiз ғажайып дастанның тереңiне үңiлмесең, сырын аша бермес бiздiң далада да болғандығы ғой. Иә, болған. Болмауы мүмкiн емес. Бiрақ ол дастанның қай дәуiрдiң оқиғаларын жырлап, алғаш рет қай ұлы жыршының жүрегiнен жарып шыққандығы беймәлiм. Тек болжам жасауға ғана болады.
Құдайға шүкiр, түркi, оның iшiнде қазақ халқы батырлық дастандарға кенде емес. Олардың арасында бүкiл түркiге ортақ желiлерге құрылған жырларда ұшырасып қалады. Егер Шыңғыс ханның тамыры ғұндардан барып қосылатын түркi мен моңғолдың iргесi сөгiле қоймаған дәуiрде өмiр сүргенiн ескерсек, таңдаудың қатары таң атар алдындағы аспан жұлдыздарындай сирей түсетiнi де анық. Және бiз осы қадiрлi аздың iшiнен бiреуiне ғана тоқталуымыз, онымен ұлы қағанның тағдырын байланыстыруға тиiстiмiз. Сонымен ол дастан, бала Темiжүннiң болашағына сәулесiн түсiрген жұлдызды дастан қай дастан болуы мүмкiн?
Түйсiгiмiз бiзге бұл дастан жыр мен күйдiң атасы саналатын, түгел түркi төбесiне көтерiп ұлықтайтын абыз Қорқыт бiрiншi болып жырлап едi дейтiн «Алпамыс батыр» хикаясы болуы керек дейдi. Иә, сол, «Қорқыт ата кiтабындағы» Бәмсi-Байрақ немесе бiзге Алпамыс есiмiмен белгiлi батыр туралы тараулар кезiнде қаған Шыңғыс бала кезiнен талай рет елiтiп, елiге тыңдаған жыр жауһары болған. Есукей баһадүрдiң баласы мазмұнына үңiлiп ойын, екпiнiне қарап бойын түзеген дала дастанының бұдан басқа жыр үлгiсi болуы мүмкiн де емес секiлдi. Өйткенi, қыңыр пайымды қиып түсетiн қисын да, құр долбарды көтермейтiн тарихи деректердiң өзара үйлесiп қиюласуы да осыған мегзейдi.
Түйсiк санамызға сәулесiн түсiрген болжамымызды дәлелдеу үшiн әңгiменi алдымен қарапайым оқырманға да ұғынықты тұстан бастайық. Дастан:
– Бұрынғы өткен заманда
...Жиделi Байсын жерiнде
Қоңырат деген елiнде, – деп басталатыны қай-қай сауатты оқырманға да мәлiм. Демек, дастанның бүгiнде татар, башқұрт, өзбек, қарақалпақпен бiрге қазақ халқының да құрамына кiрiп отырған қоңырат тайпасының тарихына қатысты болғандығы. Егер Шыңғыс ханның әжесi де, анасы да, сүйген жары Бөрте де қоңырат тайпасынан екенiн ескерсек, ұлы жаһангердiң нағашы жұртының өткенiне қатысты бұл дастаннан хабарсыз болуы әсте мүмкiн емес. Тарихи деректер Шыңғыстың анасы Уәлiн құймақұлақ, ауызекi әңгiмеге шебер, жыр-дастанды көп бiлетiн шешен кiсi едi деседi. Яғни, Шыңғыс хан бұл жырды анасының аузынан немесе қайынжұртындағы жыршылардың бiрiнен естуi шындыққа әбден саяды. Шыңғыс ханның талайды тәнтi еткен адами болмысының қалыптасып, айтулы тарихи тұлғаға айналуына бұл дастанның сiңiрген үлесi зор екенi, түркi-моңғолдың тектi ұлының кейiнгi тағдырынан да жақсы аңғарылады. Македондық Ескендiрге «Илиада» қаһарманы Ахилл қалай әсер етсе, далалық Шыңғыс қағанға да Бәмсi-Байрақ немесе Алпамыс бейнесi елiктеуге лайық сондай жасампаз үлгi бола алды деуiмiзге әбден қақымыз бар. Ендi жыр кейiпкерi мен қаған болмысы арасындағы өзара ұқсастықтарға қысқаша ғана зер сала кетейiк.
Досқа адалдық, опасыздықты кешiрмеу, қадiрi сiңсе, қарадан шықса да құрмет көрсетiп, ұлықтау – бұлардың бәрi Шыңғыс ханның бойынан көрiнетiн дара қасиеттердiң бiр парасы ғана. Мiне, осы қасиеттердiң бәрi дастандағы Алпамыстың да жақсы қырлары ретiнде ерекшеленiп тұрады. Оның өзiн құтқарғаны, қиын күнде көмек қолын созғаны үшiн қойшы Кейқуатты өзi шауып алған қалмақ елiне патша қылып сайлауы, ой-өрiсi лайық болса, «қарадан да хан шығады» дегендiк емес пе!
Жырда бұл сәт:
Патша болды Кейқуат,
Қалмақтың қалың елiне.
Әдiлдiгiн жүргiздi
Ешкiмнiң көнбей ебiне.
Бақ қонарда жiгiтке
Азы не, сiрә, көбi не?! – деп суреттеледi.
Осындай «қарадан шығып хан болған жiгiттер» Шыңғыс ханның төңiрегiнде де жетерлiк-тi.
Осы арада жырдағы батырға да, тарихтағы қағанға да ортақ сүйген жарға адалдықты да айта кеткен жөн секiлдi. Темiжүн атастырып алған жары Бөртенiң жау қолында кеткенiне өзгенi емес, өзiн кiнәлайды.
Жау меркiттер әлек сап,
Жаралады жанымды,
Жапа еттi жарымды,
Асыл тұтар арымды, – деп толғанады («Моңғолдың құпия шежiресi», «Өнер» баспасы, Алматы, 1998 жыл, 53-бет). «Жарын асыл тұтар арым» деп қадiрлейдi. Бiраз уақыт өткесiн, әскер жинап барып, қайта тартып алғаннан кейiн де сүйiктiсiнiң көңiлiне кiрбiң, жанына жара түсiретiн кесiр сөздi отыз екi тiстiң арасынан шығармай, өзiн тыйып ұстайды. Осындай жар сезiмiне берiктiк дастанда да бар. Әрине, бұлардың бәрi оқырманға мәлiм жайттар болғасын тоқталмасақ та болады.
Ал опасыздықты кешiрмеуге, уәдеге берiктiкке келетiн болсақ, «Қорқыт ата кiтабында» Бәмсi-Байрақ өзiн Қазан ханға қарсы бүлiкке қатысуға көндiрмек болып алдап шақырып алған сыртқы оғыздардың көсемi Аруздың қолынан қаза табады. Егер өлiмнен қорқып, өзара бүлiк жасауға, оған Бәмсi-Байрақты да тартуға уағдаласқан сырт оғыз бектерiнiң дегенiне көнсе, аман қалуына болар едi, бiрақ батыр «Жаным – арымның садағасы» деп Қазан ханға адал екенiн айтып тұрып алады. Ақыры, дегенiне көндiре алмағасын, Аруз денесiне қылышпен салған жарадан қансырап мерт болады. Осындай антына адалдық, оны өзгелерден де барынша талап ету – Шыңғыс хан өмiрiнiң де қай кезеңiнде болмасын көрiнiс беретiн игi қасиеттердiң бiрi.
Кiм бiледi, өмiрiнiң қысылтаяң сәттерiнде, ал мұндай бұралаң шақтардың оның тағдырында аз болмағандығы анық, бозбала Темiжүн, болашақ Шыңғыс қаған «Алпамыс батыр» жырының қайсыбiр тұстарын еске алып, өзiн-өзi қайраған, өзiн-өзi қамшылаған да болар-ау!
Қалай дегенмен де осы жырдың бiзге беймәлiм көнекөз нұсқаларының бiрiмен Шыңғыс ханның таныс болғандығы ешқандай күмән тудырмайды. Неге?
Бiз бұл сауалға да жауап беруге талпынамыз. Болжамымыздың растығына дауы болуы мүмкiн қандай да бiр бiлiктi, бiлiмдi оқырман назарына ұсынар қисынымыздың негiзгi бөлiгiне де осы сауалға жауап барысында тоқталамыз.
Күдiк пен кiлт
Сонымен көзi қарақты, бұл тақырыпта өзiндiк түйгенi болуы мүмкiн оқырманның бiздiң болжамымыздың ақиқаттығына қандай кiнәраттар тағуы мүмкiн?
Бiздiңше, бiрiншi тағылар айып мынандай болуға тиiс:
Қоңыраттар Орта Азия мен бүгiнгi қазақ даласына тек моңғол шапқыншылығынан кейiн, Шыңғыс хан әскерiмен бiрге ХIII ғасырда ғана келiп, қоныстанды. Оған дейiн олар Шыңғыс ханды ақ киiзге көтерiп, қаған сайлауға атсалысқан моңғол тектес тайпа ретiнде белгiлi болатын (Әбiлғазы, «Түрiк шежiресi», «Ана тiлi», 2006 ж. 44-бет). Уақыт өте келе түркiленген моңғол нәсiл тайпаның түгел түркiге ортақ деуге келетiн дастанды иемденуге қандай хақысы бар?
Екiншi кiнә былай сұлбалануы мүмкiн:
«Қорқыт ата кiтабындағы» Бәмсi-Байрақ туралы тараулар оғыз-қимақ заманынан сыр шертедi. Бұл – ең берi дегенде IХ-ХI ғасырлар. Демек, «Кiтаптағы» Бәмсi-Байрақ туралы хикаялар мен Алпамыс батыр жырын өзара байланыстырудың еш қисыны жоқ. Сырдың бойында алғаш Қорқыт ата жырлады деген дастанды кезiнде алыс Моңғолиядағы Шыңғыс хан бала кезiнен естiп өсiп едi деген қисынға иә ақымақ, иә ана сүтi аузынан кеппеген сәби ғана иланады.
Бiзге үшiншi айыптың нобайы да мәлiм:
Жырдағы Жиделi Байсын қазiргi Өзбекстанның иелiгiнде. Ал Бәмсi-Байрақты жырлаған Қорқыт ата мен Бәмсi-Байрақтың сүйiктi жары Гүлбаршын немесе Баршын жатыр делiнетiн жерлер бүгiнгi Қазақстанның Қызылорда облысына қарасты территорияда. Бұл өңiрлерге моңғол шапқыншылығы тұсында келген қоңыраттардың осы өңiрде бұрыннан айтылып жүрген тарихи хикая кейiпкерiн өзiнiң тайпалық қаһарманына айналдырып, иемденiп қалған болуы ғана мүмкiн.
Иә, бұл айыптаулардың қайсысының болсын, анау-мынау солқылдақ болжамның күлiн көкке ұшыруға қауқары әбден жетерлiк. Дегенмен бiз өз болжамымыздың растығын дәлелдеуге мүмкiндiк беретiн негiзгi қисынымыздан ешқандай да бас тартпаймыз.
Ең бiрiншi сүйенер дәйегiмiз, бiз қоңырат тайпасы немесе оның құрамына кейiннен кiрген жекелеген рулар Сыр бойында IХ-Х ғасырларда-ақ тiршiлiк еткен деген пiкiрдi алға тартамыз. Олардың мұнда Алтай асып, Ертiс жағалап жеткенi де тарих үшiн жасырын жайттар емес. Мiне, осы тайпалар немесе жекелеген рулар кейiн оғыз-қимақ ұлысының iргетасын қалауға атсалысқан едi. Бiр ғажабы, ортағасырлық деректер Бәмсi-Байрақ немесе Алпамыс батыр туралы жырды тек қоңырат тайпасы емес, олармен қашаннан тағдыры еншiлес, құрамына Шыңғыс ханның бөржiген руы енетiн қияттардың да батырлық жыры ретiнде тануға мүмкiндiк бередi.
Солай, деректерге сүйенсек, Шыңғыс ханның арғы ата-бабалары да IХ ғасырдың аяғы, Х ғасырдың басында қоңыраттармен бiрге берiсi Қаратау, Қазығұрт, арысы Аралдың жағасына дейiнгi аралықты мекендеген болып шығады. Асылы, бұл екi тайпа да IХ ғасырдың орта тұсында, дәлiрек айтқанда, 840 жылы Енисей қырғыздары тарапынан жасалған шапқыншылықтан кейiн ес жимастай болып есеңгiреген ұйғыр қағанатының құрамына кiрген әртектi тайпалардың қатарынан болса керек. Бiр жағынан жау, бiр жағынан жұт қысып әбден жүдеген тайпалар алдымен Ертiс өзенiнiң бойына, одан Қаратау, Қазығұрт өңiрiне қарай жылжиды. Әбiлғазының «Түрiк шежiресiнде» осы оқиғалар жаңғырығы моңғолдардың татарлар мен қырғыздардың бiрлескен шабуылынан күйрей жеңiлiп, Қиян мен Нүкүздiң «Ергене көнге» қашып тығылуын баяндайтын тұстардан аңғарылатын секiлдi. Демек, әйгiлi «Ергене-көндi» осы тайпалар алғаш баспаналаған Алтай немесе кейiн еркiн көсiлiп жайлаған Қаратау мен Қазығұрт аралығынан iздеуге болады деген сөз.
Әрине, бұл тайпалардың таза түркi тiлiнде сөйлемегендiгi де анық. Ортағасырлық қыпшақтар тарихы туралы сүбелi еңбек жазған марқұм Сержан Ақынжанов (1939-1991) оларды моңғол мен түркi тiлi аралығындағы өтпелi тiлде сөйлеген деген пiкiрге қосылатынын айтады. Бiр жағы қидан және екiншi жағы қырғыз бен татарлардың бiрлескен шапқыншылығынан кейiн екi бағыттан келiп Ертiстiң бойында басы тоғысқан бұл босқын тайпалар моңғолша қай немесе араб, парсы бастаухаттарындағыша қимақ деген атаумен өзара тайпалар бiрлестiгiн құрады. Кейiн, жоғарыда айтқанымыздай, оғыз-қимақ немесе оғыз-қай ұлысының құрамына енiп, бiршама уақыт мамыражай күй кешуге мүмкiндiк алады. Әуелбек Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата кiтабына» жазған алғыс сөзiн де осы қайларды қоңыраттар деп тұжыратын пiкiр бар («Қорқыт ата кiтабы», «Жазушы», 1986, 6-бет). Бұлай болуы да әбден мүмкiн. Өйткенi, қай этнонимiнiң моңғол тiлiнде жылан деген мағынаны бiлдiретiнiн Сержан Ақынжанов барынша жан-жақты талдап жазған («Кыпчаки в истории средневекового Казахстана», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1999 ж., 111-112-беттер) болатын. Қоңыраттардың жыланды кие тұтқандығы «Алпамыс батыр» жырында да аңғарылып қалады. Мысалы, Алпамыс батырдың Тайшық ханның артынан аттанайын деп тұрған тұсында:
Тайшық алған жылқыңның
Ал артынан кетейiн.
Шаһимардан жар болса,
Артынан қуып жетейiн.
Жете алмасам, жан ата,
Жылап жүрiп өтейiн! – деп толғанатыны бар («Қазақ эпостары», «Көшпендiлер» баспасы, Алматы, 2007 ж., 44-бет)
Осы үзiндiдегi Шаһимардан араб, парсыдан келген жыландар патшасы туралы ертегiнiң бас кейiпкерi, яғни, жыландар патшасының есiмi болып табылады. Мұны байырғы моңғолдық киелi жылан ұғымының жергiлiктi жердiң түсiнiгiнде қайта өңделген көшiрмелiк нұсқасы деп түсiнгенiмiз жөн. Демек, моңғолға еш қатысы жоқ деп айтылатын «Алпамыс батыр» жырынан да қоңыраттардың өздерiнiң байырғы тайпалық атауларын, оның мағынасын әлi ұмыта қоймағанын аңғаруымызға болады.
Дегенмен «қай» этнонимi қоңыраттан гөрi қият тайпасының атауына көбiрек жанасатынын да ескерте кеткiмiз бар. Бұл тайпалық атауды моңғолшадан қазақшаға аударғанда қайлар деп оқуға болады. Мұндағы «қай» түбiрi болса, «т» әрпi көптiк жалғауы мағынасын бiлдiредi. Кiм бiледi, Ергене-көннен шықты делiнетiн тайпалардың арасында қият пен қоңырат тайпалары қатар аталатынын ескерсек, олардың о баста бiр тайпаның белдi екi руы болуы да әбден мүмкiн ғой.
Сонымен «Алпамыс батыр» жырына қайта оралайық. «Қорқыт ата кiтабында» оғыз-қимақ атауы түбiрiмен жоқ, мұндағы ұлыстың қазығы болған тайпалар сыртқы оғыз және iшкi оғыздар деп бөлiнедi. Асылы, осындағы сыртқы оғыздарды қимақ яки қай тайпалары бiрлестiгi деп түсiнген жөн секiлдi. Оғыз-қимақ ұлысынан бас батыры Бәмсi-Байрақ, яғни, Алпамыс бүлiкшiлiктi бастаған өз тайпаластарының қолынан өледi де, бұдан кейiнгi оқиғалар барысы оғыз-қимақ ұлысының бүлiнуiне әкелiп соғады. Осы бүлiншiлiктiң ақыры қай-қоңырат немесе қай-қият тайпаларының өздерiнiң байырғы атамекендерiне қайта бет бұруына себепшi болды ма, болмады ма, ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен Шыңғыс хан заманында, сонау Моңғолияда, осы екi тайпаның ең алдымен тарих сахнасына шығуы оқиғалар барысының бiз ойлағандай бағытта дамығандығынан хабар беретiндей. Бiрақ олар ендiгi моңғол нәсiлдi емес, жартылай, бәлкiм, тұтасымен түркiленген еркiндiк сүйер Ұлы Дала тайпалары едi. Олар Сыр бойына кiрiптарлықпен барған алғашқы сапарларынан естелiк ретiнде өр де ер Бәмсi-Байрақ немесе Алпамыс батыр жайлы жырды алып қайтқан-ды. Бiздiң бала Темiжүн, болашақ қаған Шыңғыс бұл дастанды бала кезiнен бiлiп өстi, оның мазмұнынан ойына қуат алып, санасына нұр сiңiрдi дейтiнiмiз сондықтан.
(«Жас қазақ», №2, 2008)

 

0 пікір