Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3964 0 пікір 1 Наурыз, 2010 сағат 05:23

Алматыда бітімгершілік «Қазбат» батальонының он жылдығын атап өтуде

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ– Қазақстандық бітімгершілік «Қазбат» батальонының 10 жылдығына арналған салтанатты шаралар Алматы облысында, Қапшағай қаласының маңында орналасқан ҚР ҚМ аэроұтқыр әскерлерінің 32363 әскери бөлімшесінде өтіп жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Рәсім 2005 жылы 9-шы қаңтарда, Иракта коалицияның тұрақтандырғыш күштерінің құрамында, кезекті тапсырма кезінде қаза болған, капитан Қайрат Құдабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.

Өлгеннен соң I-ші дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған Қ. Құдабаевты бір минут еске алудан кейін, мерей тойлық митинг болып, онда қазбаттықтарды құрылықтағы әскерлер аэроұтқыр күштерінің қолбасшысы генерал-майор Әлібек Алдабергенов құттықтады.

Атап айтқанда ол, «биыл қазақстандық инженерлік-саперлік бөлімшенің Ирактан шығарылғанына екі жыл болғанын» атап өтті. «Бітімгершілік қызметтің бес жыл бойына қазақстандық контингент өз алдына қойылған тапсырманы толық өтеп, Ирактағы өз миссиясын аяқтады», - деп айтақан қол басшының сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

Генерал коалициялық күштердің құрамында болып қайтқан Қазбаттық 290 жауынгер өздерін жоғары кәсіби мамандар ретінде көрсете білді, деп атап өтті. Миссияның басынан бері (9 ауысым) Иракта 4 млн қопарылғыш заттар жойылып, 6718 текше метр су тазартылды.

2005 жылдан бері тәжірибе алмасу аясында Қазақстан ҚК инструкторлары Ирактың әскери академиясының 572 курсантын саперлік іске үйретті. Ал қазақстандық әскери дәрігерлер америкалық «Дельта» базасына барып жергілікті халықтың 5 мыңдайына, негізінен лаңкестіктен зардап шеккен әйелдер мен балаларға дәрігерлік көмек көрсетіп тұрды.

Қорғаныс министрлігінен, Ирак үкіметі мен Қазақстанның коалиция бойынша серіктестері біздің елге 2003 жылдың 19-шы тамызынан бастап «Иракқа азаттық» операциясына қатысқаны үшін және осы бес жыл бойына қиындықтар мен дағдарыстық жағдайларға қарамай одақтастық міндетіне берік болып қалғаны үшін зор алғысын білдіргенін жеткізді.

Қазақстанның жағдайды тұрақтандыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және Ирактағы бейбіт құрылысқа қосқан үлесіне жоғары бағаны коалицияның белді мемлекеттерінің көптеген саяси көшбасшылары, оның ішінде американың президенті, мемлекеттік хатшысы мен АҚШ қорғаныс министрі, премьер-министрі мен Ұлыбританияның қорғаныс ведомствосының басшылары берді. 

Мерейтойды атап өту барысында ҚР ҚК қолбасшылығының өкілдері ирактағы компанияға қатысу барысында, қазақстандық әскерилер үлкен тәжірибе жинағанын мәлім етті. «Қазіргі уақытта бітімгершіл-офицерлер алған тәжірибесін тұрақты дайындықтағы әскери бөлімшелерде қызмет атқару арқылы жас буынға үйретуде қолдануда. Қазбаттың Иракта болып қайтқан келісімшартшылары тұрақты дайындықтағы бөлімшелерде кәсіби-сержанттар қатарын толықтырды», - деді әскери қолбасшылар.  

Қазбат ҚР президенті Н. Назарбаевтың нұсқауымен ҚР қарулы күштерінің бітімгершілік операцияларға дайын болуы мақсатында құрылған болатын.

0 пікір