Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3557 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 05:14

Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық шаңғышылар эстафетада он бірінші орын алды

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Ванкувердегі Олимпиадалық ойындардар  қазақстандық шаңғышылар 4х10 км эстафетада он бірінші орын алды.

Құрамында Сергей Черепанов, Алексей Полторанин, Евгений Величко мен Николай Чеботько бар Қазақстан құрамасы жеңімпаздан 4 минут 43,7 секунд қалып, мәре сызығын 1 сағат 49 минут 49,1 сек нәтижемен кесті.

Бірінші кезеңде Черепанов он екінші орын алды. Полторанин Қазақстанды бесінші орынға шығара алды. Бірақ Величко қайтадан бәрін жоғалтып, біз он екінші орынға түстік. Соңғы кезеңде Чебатько бір жолға алға көтеріп, «қорытынды» он бірінші орын әкелді.

Ерлер арасындағы эстафетада бірінші орынды 1 сағат 45 минут 5,4 сек нәтиже көрсеткен Швеция құрамасы алды.

Екінші орында жеңімпаздарға 15,9 сек ұтылған норвегиялықтар, үшінші орында +16,5 сек қалып, чехтардың шаңғышылар командасы келді.

Жарыстың он бірінші күні Олимпиадада медаль бойынша алда Германия (7 алтын, 10 күміс, 7 қола). Екінші орында АҚШ (7 алтын, 9 күміс, 12 қола), үшінші орында Канада құрамасы  (7 алтын, 6 күміс, 2 қола).  Қазақстан жалғыз күміс медальмен жиырма төртінші орында келеді.

0 пікір