Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3654 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 04:54

Сақа депутаттың сыбыры

Кедендік одаққа бірігу дейтін кер заманға тап болдық. «Кереге бойлы кер жусан кері кеткен малға жұқпайды, кері кеткенге сөз айтсаң, қанша айтсаң да ұқпайды» демекші бүкіл көзі ашық, көкірегі ояу жанның бәрі басқаның емес, қазақтың бел омыртқасын үзетін үшжақты одақтың озбыр аранына жұтылар қауіпті қанша шырылдап айтқанымен, билік оған «тырс» етер емес.

Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында осы тақырып, ашығын айтқанда, қазақ елінің тағдырын тәлкекке салар жасанды шара тағы да талқыға түсті.

Бірақ, ауыздары жабылған, дұрысында мәжбүрлеп жапқан кей депутаттар залда шыдап отыра алмай, ішіндегі зар-наласын сырттағыларға сыбырлап айтумен ғана шектелді. Біз бірді-екілі журналистке ғана жүрегіндегі шеменді жан-жағына жалтақтай тұрып ақтарған Мәжілістегі сары табан сақа депутаттың үрейлі сыбырын сіздерге жеткізуді жөн санадық.

«Осы іске неге асыққанымызды білмеймін. Бұның бәрін халықпен ақылдасып, пайда-зянын әбден екшеп алып істеу керек еді. Жұрт та, кәсіпкерлер де, тіпті кеден қызметкерлері де ештеңеден хабарсыз. Не істерін білмей дал»,-дейді ол. Оның айтуынша, енді Кедендік одаққа кіріккен біздің бизнес атмосферамызды Ресейлік бандылық топтар тырп еткізбей ұстайды. Кәсіпкерлерімізді шетінен «стройға» тұрғызады. Себебі, олардың бизнес жүйесі әлі күнге бандылық группировканың құрсауында жұмыс істейді. Ал, бұндай сұмдықтан кәсіпкерлік ортаны енді ғана тазалаған Қазақстан қайтадан қарақшылар торыған әлемге тап болады. «16 миллион жан саны, оның ішінде 10 миллион ғана қазағы бар бізді 150 миллион халық жұтып қоятын болды»,-деді депутат мұңайып тұрып. Ол ол ма, 2012 жылы экономикалық одақ дүниеге келеді. Оның басқасын айтпағанның өзінде ортақ валюта дегенінің өзі өңменіңнен өтетін ұғым. «Ортақ ақша теңге бола ма?! Атаңның басы, теңге деген атауды ұмытасың, қайтадан рубльге көшеміз». Бұл да жаңағы халық қалаулысының ашулы зары. «Немерелеріміз қазақ тілі дегеннің не екенін білмейтін болады» дегенді өкіне тұрып қосып қойды ол сөзіне. Депутаттың қайталап айтқаны, үлкендерді, тәжірибелі министрлік басшылары мен кәсіпкерлерді, мұнайшыларды шақырып, ақылдасқан жан болған жоқ. «Кедендік одаққа» кіретін болғанымызды бір күнде бір-ақ білдік. Енді бұдан былай Ресейдің ығына жығылып, Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау керек болады, Таулы Қарабақ мәселесінде Әзербайжан жағынан тайқып, Арменияның шашбауын көтеруге тура келеді... Бірте-бірте өз еркіміз өзімізде болудан қалады. «Тәлтіректеп тәуелсіздігімізді енді ала бастап едік» деген депутат ағамыздың көзі жасаурап кетті. «Біздің өзімізде де обал жоқ,- деді содан кейін - қазақ депутаттардың бәрі өз басының, жеке мүддесінің әлегімен ғана жүреді. Қанша мәселе көтересің, 10-20-сы ғана қолдайды, басқалары қарсы болады да отырады».

Ары қарай көліктің қымбаттағанын айтқан ағамыз, енді орыстың ладасы мен жигулин мінетін күн келгенін, қуатты Ресей кәсіпкерлерінің біздің елге барлық салада шеңгел сала бастайтынын айтты. «Бұл мәселені халықтық референдумға неге салмады?» деген сұрағымызға «бесполезно» деп қолын бірақ сілтеді депутатымыз. Сосын, «бұл между нами әңгіме ғой, сендер жассыңдар...» деп сөзінің аяғын жұтты да, мұңды жанары жер тесе, бұрылып жүріп кетті...

Әрине, ол адамның аты-жөнін айту маңызды емес. Маңыздысы, кедендік одақтың қазақ еліне бодандықтың бұғауын қайта салар айла-шарғы екеніне алаңдаған халық қалаулысының жан сыбыры. Ендеше, қалаулы ұлының айтқанын халық та қостайды деген сөз. «Қаупің неден болса, қатерің содан» деген ата қазақ даналығы тегін емес. Олай болса, қауіптің қасқыр тісі тамақтан қапсыра қауып алмай тұрғанда, халық болып, қазақ болып жұмылып бетін қайтару керек. Оған да ДОКТРИНАҒА тойтарыс бергендей табанды тәсіл керек шығар, бәлкім...

Жебе НОЯН

0 пікір