Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3634 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 04:27

Интернет-конференция: Әлиханға оралу

Бұл реттегі интернет-конференциямыздың қонағы Әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп.

Сұлтан Хан Аққұлұлы (суретте)  1991 жылдан бастап Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығын және саяси қызметін зерттеуші, филология ғылымдарының кандитаты. Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы туралы ол орыс және қазақ тілдерінде оннан аса зерттеу мақалалары мен ғылыми очерктерін жариялады. «Қыр баласы» атты алты сериялы деректі фильмінің авторы.

Сұлтан Хан Жүсіп Алаштың ардагері, қазақтың әз ұлы Әлихан Бөкейханның ұлы мұраттары мен бүгінгі уақытты сабақтастырып байыпты әңгіме айтуға дайын. Сауалдарыңызды әдеттегідей форумға немесе dauren-kuat@mail.ru электронды поштасына жолдай беріңіздер.

_________________________________________________

 

Сұлтан аға, мен сізді жыға тани алмай отырмын, айыпқа бұйырмаңыз. Сіз шетелдік қазаққа ұқсайсыз. Ресейдің тумасы емессіз бе? Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен саяси өмірін зерттеу тақырыбына қалай келдіңіз?

Жасұлан.

 

Жасұланға!

Мен елдің қазағымын. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туып, Алматыда орта мектеп пен Әл-Фараби атындағы ұлттық университетін бітірдім.

Бұл реттегі интернет-конференциямыздың қонағы Әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп.

Сұлтан Хан Аққұлұлы (суретте)  1991 жылдан бастап Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығын және саяси қызметін зерттеуші, филология ғылымдарының кандитаты. Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы туралы ол орыс және қазақ тілдерінде оннан аса зерттеу мақалалары мен ғылыми очерктерін жариялады. «Қыр баласы» атты алты сериялы деректі фильмінің авторы.

Сұлтан Хан Жүсіп Алаштың ардагері, қазақтың әз ұлы Әлихан Бөкейханның ұлы мұраттары мен бүгінгі уақытты сабақтастырып байыпты әңгіме айтуға дайын. Сауалдарыңызды әдеттегідей форумға немесе dauren-kuat@mail.ru электронды поштасына жолдай беріңіздер.

_________________________________________________

 

Сұлтан аға, мен сізді жыға тани алмай отырмын, айыпқа бұйырмаңыз. Сіз шетелдік қазаққа ұқсайсыз. Ресейдің тумасы емессіз бе? Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен саяси өмірін зерттеу тақырыбына қалай келдіңіз?

Жасұлан.

 

Жасұланға!

Мен елдің қазағымын. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туып, Алматыда орта мектеп пен Әл-Фараби атындағы ұлттық университетін бітірдім.

Ал Әлиханның өмір жолы мен шығармашылығын зерттеу Ұлттық Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметте жүрген 1991 жылы басталды. Осы тақырып бойынша 1995 жылы кандиидаттық диссертация қорғадым. Әлекеңнің мұрасын жинау мен зерттеу сол жылдан бері үзілмей жалғасып келеді.

 

Әлихан Бөкейхановтан қалған тұяқ бар ма?

Ә. Бөкейханның ұрпақтары Қазақстанға келгілері келе ме екен? Олар Ресейде немен айналысады, Ресейдің қай қаласында тұрады? Ұзын сөздің қысқасы Әлекеңнің ұрпақтары туралы білгім келеді. Ақ-Ару.

 

Ақ-Аруға!

Әлиханның тікелей ұрпақтары қазір Мәскеуде тұрады. Немересі Евгений Сергеевич Букейханов - техника ғылымдарының кандидаты, оның ұлы, яғни Әлекеңнің шөбересі Петр Евгеньевич Букейханов - заң ғылымдарынан кандидаттық диссертация қорғаған. Мәскеу тұрғындары. Олар Қазақстанға оралғысы келеді деп ойламаймын.

 

 

Әлихан қай жылы атылды? Денесі қай жерде жатқаны жөнінде дерек бар ма? Арыстан.

 

Арыстанға!

Алты Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан - 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Мәскеуде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының шешімімен ату жазасына кесіліп, ату жазасы сол күн орындалды. Өткен жылдың желтоқсан айында толық анықталғандай, оның сүйегі Мәскеудегі Донской зиратына жерленіпті. Ол туралы Азаттық Радиосының сайтында тиянақты жазылды (AZATTYQ.ORG). Оқып қарағыз.

 

Әлихан атамыздың қанша әйелі болған? Айнаш

 

Айнашқа!

Әлекеңнің Елена Яковлевна Севостьянова есімді сүйген жары мен Елизавета есімді қызы және Өкітай-Сергей есімді ұлы болды. Өкітайдан Мәскеуде тұратын Евгений деген немересі, Евгенийден Петр деген шөбересі бар.

 

Сұлтанхан мырза, сұрағыма осы форумда жауап береңізші Әлихан Бөкейхан масон деп айтып жүргендердің сөзі рас па? Мені осы қатты мазалайды. Басқа алашордашылардың да масон болғаны ма сонда?

 

Ә.Н.Бөкейханның 1906 жылы С.-Петерборда құрылған «Полярная звезда» масон ложасына мүше болғаны - тарихи факты. Алайда, одан шошынатын еш қисыны жоқ. Себебі, орыстардың 20 ғасыр басындағы қайта жанданған масон қозғалысы - алдына нақты саяси мақсат-мүдде қойған және саяси партиялардан жоғары тұрған құрылым болатын. Масон ұйымы бірыңғай Ресей жебрейлерінің ұйымы деген пікір - ол ешбір негізсіз жаңсақ пікір. 20 ғасыр басындағы масондардың басты да стратегиялық мақсаты - Ресейдің самодержавиелік билігін құлату болды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісін жоспарлап жүзеге асырған да, Уақытша үкіметтің құрамын сонау 1915 жылы-ақ жобалаған да осы масон ұйымы болды. Ал Алты Алаштың көсемі Әлиханның оған мүше болуы - сұқтанатын жайт емес, керісінше мақтан ететін оқиға. Өйткені, ол қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта құру отаршыл Ресей империясының өзін демократиялық мемлекет ретінде қайта құрмай мүмкін еместігін жақсы түсінді. Сол себепті де ол ең алдымен Ресейдің самодержавиелік билігін құлатпай, қазақты отаршылдық бұғауынан босата алмайтынын Әлихан терең түсінді. Сол себепті де ол орыстың конституциялық-демократиялық партиясына мүше болып, патша билігіне қарсы күресті. Әлихан тек қазақтың ғана емес, бүкіл Ресей империясының да көрнекті саяси қайраткері болып табылады.

 

Әлиханның атын ұлықтауға Қазақстанда не кедергі болып отыр деп ойлайсыз?

Оған бір кісінің басы мен билігіне негізделген қазіргі саяси режимнің саясаты мен қоғамның енжарлығы, жасқаншақтығы деп ойлаймын.

 

Әлиханның мінезін суреттеп беріңізші.

 

Әлиханның мінез-құлқын оның туған інісі Смахан төре өзінің қолжазба естеліктерінде тиянақты сипаттап береді. Оны 1996 жылғы «Жұлдыз» журналының санынан оқи аласыз. Смахан төренің осы естеліктерін алдағы уақытта Азаттық Радиосының интернет-сайтына да (AZATTYQ.ORG) орналастыру ойымыз бар7

 

1)Әлихан Бөкейханның қалтарыста қалған шығармаларын танытуда қандай қиыншылықтар болды? Кедергі келтіргендер болды ма?
2)Әлихандай саяси ойлай алатын тұлғалар бар ма бүгін?
3)Сом тұлғаның ұлы мұраттары орындалды ма? Жоқ болса, не кедергі оған
?

 

1)      Ә.Н.Бөкейханның шығарма-еңбектерін жинауда қасақана бөгет жасалды деп айта алмаймын. Егер кедергі кездескен болса, ол әдеттегідей қаржы мен Ресей мұрағаттары мен кітапханаларының алыстығында болды.

2)      Қазақстанның 16 миллион халқының, оның ішінде 10 миллиондай қалың қазақтың ішінен Әлихандай ойлайтын мемлекетшіл саясаткер табылмайды деп айтуға ауыз бармайды. Болса-дағы оларды көрсетпеуге, көрінсе аяусыз қудалауға алып жатыр. Оны өзіңіз де көріп отырған жоқсыз ба!

3)      Әлиханның ең басты мұраты орындалды - қазақ өз алдына тәуелсіз дербес әрі бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған мемлекет болып отыр. Екінші үлкен мұраты - қазақ елінің нағыз әрі кемелденген демократиялық ел болады дегені әзірше орындалмай тұр. Оған билік емес, ең алдымен халықтың, қоғамның өзі жауапты.

 

 

Әлиханның 1927-37 жылдары жазғандары Бонч-Бруевич пен академик Ольденбургтің мұрағатында сақтаулы деп, Жайық Бектұров ағамыз жазды. Сол туралы не айтасыз?

Д.В.Бонч-Бруевичтің 1934 жылы Әлиханға жазған хатының толық мәтіні мен көшірмесі қолда бар. Алайда, өкініштісі, 1934 жылы Бонч-Бруевич ашқан мұражайдың өзі жоқ. Қазір сол мұражайдың ізін іздестіріп жатырмын. Ол мұражайдың қорында Әлиханның естеліктері мен өз қолымен тапсырған тарихи құжаттардың болғанына күмәнім жоқ.

Ал академик Ольденбургтің С.-Петербордағы Ресейдің ұлттық кітапханасында сақталған жеке қорында Әлихан туралы бірлі-жарым мәлімет немесе оның жазған хаттары сақталмапты. Оның есесіне Ольденьбургтің 1927 жылы бүкілсоветтік ғылыми конференциядан кейін бір топ ғалымның ішінде Ахмет Байтұрсынұлымен бірге түскен 2 суреті табылды. Ол Азаттық сайтында шыққан бір мақаламда жазылды (AZATTYQ.ORG). Оқып қараңыз.

 

Әлихан туралы АКШ-тын Гувер атындагы Соғыс және бейбітшілік институтына (онда "ақ эмиграция" туралы мұрағат көп екенін білесіз) сұрау салып көрдіңіз бе?

 

Мұндай құнды мәліметіңізге көп рахмет! Ол институтқа міндетті түрде сауал жолдаймын.

 

 

Туыстарының рұқсатымен, Әлихан туралы Смахан төренің 18 дәптер естеліктерін осы сайтқа жариялай аласыз ба? Меніңше, Әлиханның өмірлік бейнесін тануға сол естеліктің берері мол сияқты.

 

Смахан төренің естеліктерін Әлекенің туыстары маған әлдеқашан сеніп тапсырған. Оның кириллица үлгісін мен 1996 жылы «Жұлдыз» журналында жарияладым. Егер Абай сайты қарсы болмаса, мен жариялауға қарсы емеспін.

 

Сұлтан хан Аққұлұлы! Сіздің Алаштанушы, Әлихантанушы ғылым жолындағы еңбегіңіз жана берсін! Соңғы шыққан бес томдыққа Әлекеңнің бар мұрасы енді ме? Әлекеңді елге толық таныту үшін "Интернет" мүмкіндігін пайдалану ойыңызда бар ма? Яғни жеке сайт ашу мағынасында.

 

Жылы тілегіңізге көп рахмет! Қазір шығып жатқаны 5-томдық емес, 7-томдық толық шығармалар жинағы. Оның алғашқы 3 томы өткен жылдың соңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржыландыруымен Астанадағы «Сарыарқа» баспа үйінен басылып шықты. Қалған 4 томы (4, 5, 6 және 7 томдары) жазға қарай жарық көреді.

 

Өзіңіздің Әлекеңе туыстығыңыз жоқ па? Есіміңіз де ерекше екен: Сұлтан Хан. Әлихан да өз есімінің алдына Сұлтан деп жазған көрінеді. Сұлтан дегенді Әлекең тегіне байланысты жазған ба, әлде шын есімі солай болған ба?

Ғұсман төре

Ғұсман төреге!

Қазақ деген атым болмаса, Әлекеңмен еш туыстығым жоқ. Патшалық Ресейдің тарихи құжаттарында «Султан Алихан Букейханов» деп жазатыны оның Шыңғыс ханның тұқымына жататын тегін көрсеткені.

Шындықты айтыңызшы, Алаштықтар Тәуелсіздік туралы ойлады ма?! Нақты сондай құжаттар бар ма?Әлде олар орыстың боданы болғысы келді ме?Тек шындықты айтыңызшы!

Төрегелді,ОҚО

Әлиханның Алашорда таратылғаннан тұтқындалғанға дейінгі (1920-22) өмірі туралы тарихи деректер өте аз. Өзіңіз білетін деректер туралы, хронологиялық ретпен қысқаша айтып өтсеңіз.

2-съезде Алаш автономиясы жарияланбай қалды. Бірақ, 1918 жылғы 12 шілдедегі "Алашорда бүгіннен бастап, Алаш автономиясының билігін өз қолына алады" деген Бөкейхан, Ғаббасов, Тынышпаев қол қойған құжат қазір белгілі. Яғни, сол кезде Алаш автономисы жарияланды деп айтуға бола ма? Бүкіл алаштанушылар автономия жарияланбады деп қайталай береді. Ендеше, құжаттағы не сөз?

Орынбордағы ІІ-нші жалпықазақ құрылтайында Алашорда автономиясын ресми түрде жарияламағаны, сол кездегі Түркістан өлкесіне қарайтын Сырдария, Жетісу, Самарқанд қазақтарының автономияға қосылу-қосылмау туралы тілектерін білуге дейін жариялауды  кейінге қалдыру туралы шешім қабылданғаны да тарихи факты. Алайда, Ресейдегі билікті бәлшебектердің қарулы бүлікпен басып алуының нәтижесінде Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы де-юре емес, де-факто өмір сүрді. Оның еш кемшілігі жоқ. Өйткені, ІІ Николай патша тақтан бас тартқан соң, Уақытша үкімет қана Ресейдің заңды билігі болып есептелді де, қалған Сібір автономиясы да, Уфим директориясы да, тіпті адмирал Колчак басқарған бүкілресей үкіметі де де-факто биліктер болды. Сол себепті де 1917-1919 жылдары Алашорда автономиясы осы аталған биліктердің тарапынан ресми мойындауды онша қажет етпеді. Бірақ бәлшебектерге төтеп беру үшін Алашордаға қарулы көмек ауадай қажет болды. Сол себепті де Алаш көсемдері оларға тәуелді болып отырды. Бірақ, ең маңыздысы 1919 жылы Ленин бастаған бәлшебектік биліктің өз автономиясын мойындатуға қол жеткізді. Ал ол, өз кезегінде, бүгінгі тәуелсіздіктің іргетасы болып шықты.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594