Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 24 Ақпан, 2010 сағат 06:10

Қарағанды прокуроры сот отырысына келмей қалған алқа билерін әкімшілік жауапркершілікке тартуды өтінеді

Қарағанды. 24 ақпан. ҚазТАГ– Қарағанды прокуроры Әбу-Әли Саттар сот отырысына келмей қалған екі алқа билерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сотқа жүгінді. Бұл туралы қала прокурорының орынбасары Саят Сауқымбеков хабарлады.

«22-ші ақпанда Александа А. деген азаматтың 18 жасар қыз баланы өлтіруі бойынша айыптау сот отырысы өтті. Іс сотталушының өтініші бойынша алқа билерінің қатысуымен өтуі тиіс болатын. Бірақ сот белгіленген күні екі алқа билері сотқа келмеді», - деді С. Сауқымбеков.

Сотта мемлекеттік айыптаушылар ретінде болған қала прокуроры Ә. Саттар мен С. Сауқымбеков сотқа келмеген алқа билерін әкімшілік жауапқа тарту туралы өтінішпен сотқа жүгінді. «Мұндай жағдайда сотқа себепсіз келмей қалғаны үшін, немесе сотты сыйламағаны үшін әкімшілік  айыппұл салу қарастырылған», - деді прокурор.

Бұл сот ісі Қарағандыда алқа билерінің қатысуымен өтіп отырған алғашқы сот ісі емес. Бірақ, прокурордың айтуынша, «бұл ҚР ҚК-ге түзетулер енгізілген 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бергі алқа билерінің қатысуымен өткен алғашқы сот ісі». 

Виктория А. деген 18 жасар студент қыз бала былтырғы мамырда өлтірілген. Өлі қыздың зақымданған денесі қала гараждарының бір массивінде табылған. Негізгі күдікті деп қыз баланы соңғы рет тірі көрген Александар А. деген азамат танылды. Тергеу барысында ол қыз баланы өлтіргенін мойындады. Бірақ кейін, ол мойындауларды қыспақпен мойныма алдым деп, өзінің айтқандарынан тайып шықты.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616