Жексенбі, 5 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 531. Жазылғандар — 36. Қайтыс болғандар — 5
Жаңалықтар 1642 0 пікір 24 Ақпан, 2010 сағат 05:35

Алтайдың күңгей беті алай-дүлей

Алтайдың күнгей бетіндегі елдің халі өте ауыр. Қыс қақап тұр. Ағайынның алдындағы қарайған мал жұттан қырылып жатыр. Күнгейдегі жұрттың күні не болар екен деп мұндағы (Қазақстандағы) басшы-қосшының, ресми орындар мен саяси ұйымдардың бірі селт етер емес. Неге? Он миллионнан астық деп дабырайып жүрген қазаққа сырттағы қазақ керек емес пе? Қиыр жайлап шет қонған қазақтың тағдырына, әлеуметтік тұрмысына біз неге қол ұшын созбаймыз? Біздің осылайша сауал тастай отырып мәселе көтеруіміздің мәнісін білгіңіз келсе, төмендегі ақпарға көз жүгіртіңіз.

«Абай-ақпарат»

... Апат болды деп мемлекеттік қордан, ел орталығы Улаанбаатардан 1700-ден астам шақырымға тиеліп келген жем-шөп бір миллион үш жүз мыңға жуық бас малдың жұмырына жұқ болар емес. Ондай көмек-сауғаның келе беруіне ондағы қордың  да шанағы шамалы. Қиыр батыстағы Баян-Өлгий  аймағын былай қойғанда іргесіндегі Өвөрхангай қатарлы аймақтың малы неше жүз мыңдап қырылуда. Ақсүйек жұттан айналасы ай жарым уақыттың ішінде ел көлемінде қырық миллионнан астам малдың үш миллионан астамы құри салды. Баян-Өлгийде мал саны былтыр миллион жарым еді, жыл аяғында екі жүз елу мыңға кеміп кетті. Соңғы деректер бойынша, қаңтардың басынан бері тағы  елу мың  тұяқты жұт жұтып үлгеріпті.

Қырық-елу градусқа жететін  қызылшұнақ қытымыр аяздан жазғытұрымның қатты ызғары мен қара желі қатты болады бұл жақта. Жуан жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі дәл сол наурыз, көкек айлары. Қыстай арықтап әлсіреген мал ішінен шөп кетіп, тұралап жығылып, қырмандай қырылады. Аймақ көлеміндегі жүз мыңға тарта халықтың  тең жарымы мал бағып кәсіп етеді. Ендеше Алтай қазақтарының  тірнектеп жиған аз ғана дәулеті құмға құйған судай құрдымға кеткелі тұр деген сөз.

Аймақ орталығы Өлгий сұмынынан 200-300 шақырым қашықтықтағы Бұлғын, Баяннуур, Сақсай малшыларының хал-жағдайы тіптен мүшкіл. Оларға авто көлік түгіл ат, түйемен қатынау ауырға түскелі айдан асты. Ұлақшын, Ащылыбұлақ, Асқынты, Қаракөл қатарлы қырық күн шілденің өзінде қар басып жататын қиын асуларды  бір-екі метрлеп қар басып қалған. Жергілікті тұрғындар мен аймақ орталығынан барған арнайы құтқарушылар, шекарашылар жолдың қарын күрегенімен қайта-қайта дауыл үрлеп тастап, есе берер емес.

Өкімет хал-қадырынша шаралар қолдануда. Улаанбаатарда, сондай-ақ аймақ орталықтарында  «Малшыларға көмек» атты жылу-жәрдем жинау науқаны жүріп жатыр. Алайда банкның борышына белшесінен батқан жұмыссыз жарлы халықтың қалтасы тесік.

Алтай сұмынында мал жайып жүрген бір қойшы үсіп өліп,   қол-аяғын үсік шалған екі малшы ауруханаға жеткізілді. Осындай суық хабарлар  жиі естіледі. «Ертең, келесі аптада, арғы айда суық қатаяды, ақ бұрқақ соғады!»  деген үрейлі сақтандырулардан да құлақ тұнады. "Жағаласпай жан қалмайды" деп аймақ басшылары, Ресей мен Қазақстанның, Қытайдың көршілес аудан, аймақтарына қол ұшын беруді өтініп құрақ ұшуда. Олардың қашан көмек берері әзірше мәлім емес.

Жуырда Моңғол елінің парламентіне сайланған мәртебелі үш өкіл - Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәделхан Қабдісламұлы, Жекей  Қалидолдаұлы аймаққа келіп, ауылдарды аралап қайтты. Олар кешікпей Алматы  мен Астанаға барады екен.

Олардың  қандай қарекет жасап, не іс бітір қайтарын әзірге бір Құдай ғана біледі.

Міне Баян-Өлгийдегі хал-күй осындай.

Асхар Ататаным

Арнайы www.abai.kz ақпараттық порталы үшін Алтайдың күнгей бетінен.

Суреттерде: Жұт. Мал қырылып жатыр...

0 пікір