Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3738 0 пікір 23 Ақпан, 2010 сағат 07:41

Сталинизмнің салдары мен сабақтары

Кеңес өкіметі тұсында көшпенді қазақ халқы үш дүркін жасанды ашаршылықты бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған ұлттық апатқа ұрынды: 191719, 192123, 193133 жж. жалпы адам шығыны 4 млн., ықтимал табиғи өсімді есептегенде 10 млн. жаннан асты. Сталинизм дәуірлеген жылдары жазықсыз репрессияланған 340 мыңнан астам қазақстандық азамат тәуелсіздік жылдары ақталды.
Осы бір сұмдық жайттардың бүгінгі салдарын сараптау мақсатында Қазақстан «Әділет» тарихи-зерттеу қоғамы,   ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Кинофотодоқұжаттар және дыбыс жазбалар ОМ мұрағаты,  «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы,  Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы және А.Сәрсенбаев атындағы қоғамдық қор ХХ ғасырдың 2050-жж. орын алған солақай саясат қасіреттерін қарастыратын «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда ғалымдар, зерттеушілер, мамандар Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын темір құрсауына алған сталинизмнің кезеңдерін, себеп-салдарларын, құбылыс ретіндегі табиғатын, оның өндірістік, қоғамдық, мәдени өмірге әсерін ашып, саяси репрессиялар мен олардың құқықтық қырлары, ұжымдастыру, ашаршылық, депортация, сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жайындағы тың зерттеулер мен ой-пікірлерді ортаға салады.
Сталинизм  жайында арнайы дөңгелек столда замандастар пікір алысады.

Конференция жұмысының қорытындысы ретінде жұртшылыққа үндеу қабылданады. 

Конференция жұмысы 2010 жылғы 24 ақпанда
ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты залында
(Абай даңғ., 39, К.Байсейітова көш. қиылысы)
сағат 10-00-де басталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610