Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3246 0 пікір 23 Ақпан, 2010 сағат 06:36

Қазақстанның шаңғышы қыздары Ванкувердегі Олимпиадада командалық спринттен финалға шыға алмады

Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның шаңғышы қыздары Ванкувердегі Олимпиадада командалық спринттен финалға шыға алмады.

Оксана Яцкая мен Елена Коломина жартылай финалда 19 минут 33,6 секундтық нәтижемен тек 12 орынға ие болды. Олар жеңіске жеткен Швеция командасынан 57,7 секундқа қалып қойды. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына финалға өтуге мүмкіндік бермеді.

Командалық спринтте жеңістің ең биік тұғырына Германияның командасы (Клаудия Нистад, Эви Захинбахер-Штеле) көтерілді. Екінші орынды Швециялықтар (Шарлотта Калла, Анна Хааг), ал үшінші орынға ресейліктер (Ирина Хазова, Наталья Коростелева) шықты.

Оныншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиадада медальдық есеп бойынша Германияның құрамасы алда келеді (7 алтын, 9 күміс, 5 қола). Екінші орында АҚШ командасы (7 алтын, 7 күміс, 10 қола), үшінші орында Норвегияның құрамасы (6 алтын, 3 күміс, 5 қола). Бір ғана күміс медаль алған Қазақстанның құрамасы жиырма төртінші орында.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616