Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3342 0 пікір 23 Ақпан, 2010 сағат 04:15

Шығыс Қазақстанда бес күнен бері тізбекті түрде электр энергиясы ауқымды өшіріліп келеді

Өскемен. 22 ақпан. ҚазТАГ– Шығыс Қазақстанның негізгі электр қуатымен қамтамасыз етуші мекемесі «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр қуатын сатып алуға қаражаты жоқтығын мәлімдеген соң, 18-ші ақпаннан бері ШҚО аумағында тұтынушыларды электр көзінен ауқымды өшіру басталды.

ШҚО облыс орталығында 18-ші ақпанда Ертістің сол жағалауындағы ірі аудан 8 сағат электр жарығынсыз отырды. 19-шы ақпаннан бастап  бүгінге дейін өзеннің оң жағалауындағы аудандарда 5-6 сағаттан жарық өшіріліп тұр. Облыстың басқа аудандары мен аулдары да осындай жағдайда қалып отыр.

«Жарықты ешқандай ескертусіз және ешқандай қисынсыз өшіре салады. Өскеменде, мысалы, газдары бар үйлер жоқтың қасы, демек адамдардың қарапайым шайларын қойып ішуге мүмкіндігі жоқ. Бизнес үлкен шығын көруде. Электр қуаты берілмеген кассалық апараттар тоқтатылып, саудагерлер дүкендерін жабуға мәжбүр. Тоңазытқыштар жұмыс істемеуінен азық-түлік құртылуда. Көптеген үйлерде жарық қайта-қайта өшуінен тұрмыстық техникалары істен шығып жатыр. Электрмен қамтамасыз етудің осындай жағдайы қалада бұрын-соңды болмаған», - дейді ҚазТАГ тілшісіне облыс орталығының тұрғыны.

Дүйсенбі күні шұғыл түрде өткізілген баспасөз мәслихатында, «ШҚ АЭК» АҚ электр беруші компания мен электр таратушы «Шығысэнерготрейд» ЖШС компания басшылары «сұранған және тұтынған электр қуатының арасында баланс қатты бұзылатын болса, біртұтас электр желісінде ірі өңірлерді электр қуатымен қамтамасыз етуде теріс ахуал, тіпті апаттық ахуал қалыптасуы мүмкін» деп мәлім етті. Осыған байланысты, KEGOC талабымен электр беруші компания (АЭК) шектеулер енгізуге мәжбүр.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынудың тек 60%-ын төлей алады. Қалған 40% дәл қазір шектеу қойылып жатқан көлем», - деп түсіндірді «ШҚ АЭК» АҚ басшысы Лидия Филимонова.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС басшысы Ирина Глыбинаның айтуынша, ахуалды бюджеттік және коммунальдық кәсіпорындардың қарыздары қиындатып жіберді. Семей бойынша оның көлем 300 млн теңге де, Өскемен бойынша – 120 млн теңге.

Бұрын хабарланғандай, «KEGOC» АҚ Шығыс Қазақстанның негізгі электрмен қамтамасыз етуші «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ті электрді келісімшарттан тыс пайдалануда, ол республиканың біртұтас электр жүйесінің балансын бұзуда деп айыптаған болатын. Осы себепті жүйелі оператор 18-ші ақпанда трейдерді сұранған көлемде ғана электрмен қамтамасыз ететінін ескерткен.

0 пікір