Жексенбі, 5 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 531. Жазылғандар — 36. Қайтыс болғандар — 5
Жаңалықтар 1491 0 пікір 22 Ақпан, 2010 сағат 11:29

Ресей соты қазақстандық БТА банктен қаржы жымқырды деп күдіктелген бизнесменді тұтқындаудан бас тартты – газет

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ Выборг қалалық соты, өткен жұма күні Финляндиямен шекараны кесіп өту барысында шекарашылар ұстап алған «Дело» лизинг компаниясы» ААҚ бірлесіп иемденушісі Дмитрий Пакты тұтқындау туралы Ресей ІІМ жанындағы тергеу комитетінің өтінішін кері қайтарды.

Дүйсенбі күні «КоммерсантЪ» газеті хабарлағанындай, «18 ақпанда Выборг қалалық соты күні бойы ІІМ жанындағы тергеу комитеті мен, Пак мырзаны қорғау үшін Мәскеуден жедел келіп жеткен төрт адвокаттың дәлелдерін тыңдаумен болды». Тергеу өкілдері, ұсталған адам кепілде болудың шартын бұзып, шетелге қашып кетпекші болғаны үшін Д.Пакты тұтқындауды талап етті.

Д.Пакты бұдан бұрын Мәскеудегі Тверь аудандық соты 45 млн рубль кепілмен тұтқыннан босатқан.

Өз кезегінде, бизнесменнің адвокаттары олардың клиентінің кепілде болу шартын бұзбағанын, ал оған іздеу жариялап, ұстау оқиғасын тергеудің ұйымдастырған арандатуы деп атады. Олардың нұсқалары бойынша, Д.Пак тергеуге шақырылғандығы жайында ешнәрсе білмеген. Ал, Финляндияға оның ісін жүргізетін тергеушінің рұқсатымен бармақшы болған.

Газеттің ақпараты бойынша, сот екі жақтың да дәлелдерін тыңдай келіп, бизнесменді тұтқындау туралы өтінішті кері қайтарды. Ол уақытша ұстау абақтысынан жексенбі күні босатылды. Бұдан соң кәсіпкер қайтадан Мәскеуге қайтып келді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, «Дело» лизинг компаниясы» ААҚ-ның бірлесіп иемденушісі Дмитрий Пак қазақстанның БТА банкінің $71 млн жуық қаржысын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Тергеудің деректері бойынша, 2009 жылдың ақпанында ол БТА банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовпен бірге банк қаржысын жымқырудың схемасын жасап, «Дело» лизингтік компаниясы осы схеманың түйінді бөлігі болған.

Тергеудің нұсқасы бойынша, БТА банк қызметкерлері М.Әблязовтың тапсырмасымен осы операцияны жүзеге асыруы үшін цессияның жалған келісімдерін жасаған. Осыған сәйкес, бұған дейін Д.Пактың компаниясына БТА банк  берген $70,9 млн несиені талап ету құқын банк Британияның Виргин аралдарында және Кипрде тіркелген оффшорлық компаниялар тізбегі арқылы жіберген. Бұл тізбектегі соңғы нүкте кипрлік Kimoce Limited фирмасы болған. «Дело» компаниясы 2009 жылдың 18 наурызынан бастап осы фирманың латвиядағы «Балтикумс» банкіндегі шотына несиені жабу деген желеумен ақша аудара бастаған. Кипрлік оффшорлық фирманың шотына барлығы $1,5 млн астам ақша аударылып үлгерген.

0 пікір