Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 22 Ақпан, 2010 сағат 07:45

Бұйрықсыз болатын қарсылас

Өткен жылғы қоғамдық-саяси кеңістіктің басты ньюсмейкерлерінің бірі, сөз жоқ,  сол кезде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Кәлетаев болғаны анық. Осы бір саясаткердің ашықтығы мен қарапайымдылығы, өткірлігі көптің есінде жатталып қалыпты. «АйтPARK» пікірталас алаңының модераторы Нұрлан Ерімбетов те Кәлетаев турасында «жыл ашқан жаңалық» деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі күні Д.Кәлетаев президенттің жанындағы сенімді, тәжірибелі серігі ғана емес, аз уақытта өзін мойындата білген беделді саясаткер ретінде белгілі. Ал отыз бен қырық жастың арасындағы саясаткер қазіргі истеблишменттің ішінде ілуде біреу ғана. Осы себептің жетегімен болашақтағы парламент сайлауы туралы қоғамды кеулеген әңгіме жайлы кейіпкеріміздің пікірін білуді жөн көрдік. Әрине, «болашақтағы» дегенде біз «мерзімінен бұрынғы» сайлауды меңзеп отырған жоқпыз. Қазақстан парламентінің төменгі палатасында бір сайлаудың болары анық. Сондықтан сайлаудан кейінгі саяси күштердің барлық мүмкіндіктерін осы бастан саралай берген орынды сияқты. Біздің сұрауымыз бойынша саяси ғылымдардың докторы Дархан Кәлетаев билік партиясына қарсылас күш туралы жан-жақты түсініктеме берді.

Өткен жылғы қоғамдық-саяси кеңістіктің басты ньюсмейкерлерінің бірі, сөз жоқ,  сол кезде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Кәлетаев болғаны анық. Осы бір саясаткердің ашықтығы мен қарапайымдылығы, өткірлігі көптің есінде жатталып қалыпты. «АйтPARK» пікірталас алаңының модераторы Нұрлан Ерімбетов те Кәлетаев турасында «жыл ашқан жаңалық» деп бекер айтпаса керек. Бүгінгі күні Д.Кәлетаев президенттің жанындағы сенімді, тәжірибелі серігі ғана емес, аз уақытта өзін мойындата білген беделді саясаткер ретінде белгілі. Ал отыз бен қырық жастың арасындағы саясаткер қазіргі истеблишменттің ішінде ілуде біреу ғана. Осы себептің жетегімен болашақтағы парламент сайлауы туралы қоғамды кеулеген әңгіме жайлы кейіпкеріміздің пікірін білуді жөн көрдік. Әрине, «болашақтағы» дегенде біз «мерзімінен бұрынғы» сайлауды меңзеп отырған жоқпыз. Қазақстан парламентінің төменгі палатасында бір сайлаудың болары анық. Сондықтан сайлаудан кейінгі саяси күштердің барлық мүмкіндіктерін осы бастан саралай берген орынды сияқты. Біздің сұрауымыз бойынша саяси ғылымдардың докторы Дархан Кәлетаев билік партиясына қарсылас күш туралы жан-жақты түсініктеме берді.

Саясат пен саясаттың төңірегіндегі ортада қуатты оппозициялық партия туралы әңгіме күшеймесе, саябырсымасы анық. Әзірге саясаттатану тақырыбындағы конференцияларда ғана көтеріліп жүрген әңгіме мына бір әділетті тезистен туындайды - азаматтық қоғамды дамытқысы келетін мемлекет үшін бірпартиялы парламент тиімді емес. Оппозициялық күштердің «тегеуріні» биліктің белсенділігіне, заңнамалық жұмыстардың сапасына, қосымша жауапкершілік факторының өсуіне және т.т. оң ықпал етеді. Әйтсе де, осы тезисті басшылыққа алған даукестердің көбісі бүгінгі күні қай саяси ұйым күш біріктіріп, билік партиясына қарсылас бола алады дейтін мәселені ғана сөз етеді. Әлбетте, егер оппозициялық партиялардың бірі «Нұр Отанға» спарринг-қарсылас болса қисынға келетіндей. Бірақ бір қарағанда тап-тұйнақтай көрінетін бұл схема сырт көзге ғана қисынды.

Қазақстандағы шынайы өмірді білмейтін шетелдік достарымыз мына сауалдарды жиі қояды: Неге сіздердің билік оппозицияға шекеден қарайды? Мұндай жағдайда қоғам алдындағы беделін мейлінше өсіріп, уақыт өте келе лайықты қарсылас атануға кімнің мүмкіндігі бар? Сол достарымыз да, либералдық ыңғайдағы отандық қоғамдық, саяси қайраткерлер де, мәселен, Британияны алға тартады. Ол елдегі билікке нақты таласы бар партия екеу-ақ: лейбористер мен консерваторлар. Ондағы лейбористердің немесе консерваторлардың көсеміне, сайлау рулеткасында жеңіліс тапса да, министрдің деңгейіндегі «корольдік жалақы» тағайындалып, жеңілген партия «Жоғары мәртебелінің оппозициясына» айналады. Және бұл демократияның жеңісі саналады. Достарымыз бізде де осылай болса дейді.

Бұл жерде британиялық партиялық жүйенің пайда болуы мен дамуы, конституциялық монархиясы бар британ демократиясының үлгісі, билік партиясын бақылап отыратын оппозициялық партияның Британиядағы ролі жайында тарихты баяндап отырудың қажеті жоқ шығар. Көзі ашық жандар өздері-ақ біледі, тіпті, кез келген адам бұл туралы ақпаратты оп-оңай жинап алады. Қайта қазақстандық оппозицияның даму кезеңдері туралы ақпарат, жалпы жүйелі көзқарас атаулы бізде тым тапшы. Ал қазақстандық оппозицияның тарихы оны отандық саясаттағы құбылыс ретінде тануға, оларға кейде шекеден қарап, кейде қамқор болған биліктің әрекетін түсінуге септігін тигізбей ме?!. Осы себепті де біз қазақстандық оппозициялық қозғалыстың дамуына кеңінен тоқталмақпыз.

Қазақстанда әуелден екі оппозиция болды! Мәселе «конструктивті» оппозиционерлер мен «шынайы» оппозиционерлер атанғандардың айырмашылығында емес. Олардың өздері бұл жіктеуді ойдан шығарылған дейді. Ал саясаттың маңындағы конспирологияға құмар базбіреулер «конструктивті» оппозицияны президент әкімшілігіндегі қызметкерлердің фантазиясының жемісі деседі. Жалпы, бар жамандықты - оппозиция рейтингінің жоқтығын, халықтың оған деген сенімінің төмендігін, өз ішіндегі ұйымдастырушылық қызметтің сапасыздығын биліктен көреді.

Мифологияны жайына қалдырсақ, Қазақстандағы оппозициялық қозғалыс 2001 жылы басталған жоқ. Алғашқы оппозиция 1990 жылдары пайда болды және олар «мифтік режиммен» емес (ол уақта мұндай ертегілер айтылмайтын да), жергілікті атқарушы билікпен күресті. Кадрлық резервтің жетіспеушілігі, кәсіби деңгейдің төмендігі, бұрынғы шаруашылық байланыстардың үзілуінен пайда болған дағдарыс, өзге де проблемалар тәуелсіздіктің алғашқы жылдары атқарушы билік орындарының өрескел қателіктеріне әкеліп соқтырды. Ашкөздік пен салғырттық жемқорлықты өршітті,  жұмысты тұралатты.

Десек те, қоғам жаңа жағдайларға тез бейімделіп, демократия мен нарық ережелерін қабыл алды. Әсіресе Алматыда қоғамдық пікірдің негізгі медиаторлары, идеологиялық емес, нақты істің оппозиционерлері шоғырланды. Бүгін тек естелікке айналған партиялар сол ортада қалыптасты. 1990 жылдардың екінші жартысында Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен шағын және орта бизнес жандана бастады, елдің қаржылық жүйесі еңсесін көтерді. Банктер, сақтандыру компаниялары, микронесиелік ұйымдар белсене іске кірісті. Бизнес жаңа лексиконмен қатар, посткеңестік кеңістіктегі жаңа биіктерді бағындырды. Еңбекті ұйымдастырудың жаңа алгоритмі мен тетіктері табылды. Жеке сектор қарқынды дамыды. Осылардың арқасында халықтың әл-ауқаты да өсті, саяси, көпірме ұрандарға айналады деген мәселелердің көбісі-ақ келмеске кетті.

1990 жылдардағы оппозиция да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дүрбелеңмен бірге тарих қойнауында қалды. Әрине, саясат сахнасында қандай да бір жолмен қалғысы келгендер аз болған жоқ. Халықаралық демеушілердің гранттарынан дәме қылды, қызметін тоқтатып, аты мен затын өзгертті. Бірақ мұның бәрі халықтың емес, жекелеген көсемсымақтардың, трибундар мен ораторлардың тал қармаған әрекеті ғана еді. Ал ол кезде бұл ұйымдардың бұрынғы мүшелері жайлы жұмыс орындары мен әлеуметтік бағдарларын айқындап, ел қатарлы тіршілік кешіп жатқан болатын. Міне, сол уақытта, табиғи жолмен тазарған саяси сахнаға 2001 жылғы «оппозициялық шақырылым» мүшелерінің табаны тиді. Жеке амбициясының жетегінде кеткен жас шенеуніктер мен үкіметтік тапсырыстардың арқасында байып алған бизнесмендер мен банкирлер оппозицияға «кетті». «Кеткендердің» көбісі іле-шала қайта оралды. Бірен-сараны сонда қалды.

«Ескі» мен «жаңаның»  төс қағыстыруы сол кезден қайта басталғандай еді. Олар әрдайым бірге болатын сыңай танытқан. Бестен, алтыдан, взводтап конференциялар берді, митингтер мен «цирк» жиындарын өткізді. «Геть!» ұранымен украин Майданына «іссапарлар» ұйымдастырды. Аяғында айқай-сүреңсіз жұмыс істеудің, ұйымдар мен бөлімшелер құрудың, елге үгіт-насихат жүргізудің уақыты келген. Алайда жұмыс істеудің реті келмеген сияқты. Көп күттірмей 2002 жылы бірінші жіктелу басталып та кетті. «Конструктивті» және «радикалды» оппозицияға бөліну де осыдан кейін сәнге айналды.

Оппозицияның одан арғы, өз ішіндегі штурвалға, қаржылық қоржынға таласты, өсек-аяңды талап, талқылап жатуды артық көрдік. Алайда, осы «саяси қозғалыстардың» барлығының үрдісі біреу ғана болған сияқты. Ол - «Жоғары мәртебелінің оппозициясы» болу. Қазақстан Президентінің қолдауын алып, парламенттен орын алып, елдегі жалғыз ғана оппозиция болу еді. Онжылдықтың алғашқы жартысы осы үміттің жетегінде өтті.

Бір нәрсені нақтылау ғана қалған сияқты: ешқандай нәтижесін көрмесе де, бұл адамдар саяси қызметке неге соншалықты құмар дерсіз. Ол адамдардың жанының қалауы туралы бір кездері Қазақстандағы оппозициялық қозғалысты ұйымдастырушы саналған (ол да кезекті миф болатын) Әкежан Қажыгелдиннен артық айтқан ешкім жоқ. Оның айтуынша, «ортақ табақтан» аластатылған адам билікке қайтып келу үшін оппозицияға қашады. Мұның шын екенін премьер-министрліктен кете сала оппозициялық партия құрып өзі де дәлелдеді.

Бұл екі арада әлемдік қаржы дағдарысының кесірінен әлеуметтік сектордағы ахуал нашарлап кеткен болатын. Дағдарыс экономикадағы бұрын байқалмаған сорақылықтардың да (мысалы, мыңдаған үлескерлерді тақырға отырғызып кеткен жалған құрылыс салушылардың әрекеті) бетін ашып берді. Тағы да атқарушы биліктің қызметіне көңілі толмаған наразы топтардың ошақтары пайда болды. Біреулер үшін саяси ұпай жинаудың, ықпал етудің таптырмас сәті туғандай еді.

Бірақ мына екінші оппозиционерлер бірінші оппозиционерлер құсап та жұмыс істей алмайтын боп шықты. Олар нақты жұмыс істегісі келмейді, бізді тағайындаса екен дейді. Бұл туралы қоғамда, ақпарат құралдарында аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақытта қысымның жаңа түрлерін жасау үшін, ашығын айтқанда, саяси шантаж жасау үшін оппозицияның бір бөлігі ұлт патриоттарымен бас түйістіріп жатыр. Бұл неге алып келеді? Бұл, біріншіден, азаматтық қоғамның қалыптасуына ұйытқы болатын ұлттық-патриоттық идеялардың құнсыздануына апарып соғады.  Оппозиция мұны қойып, 2001 жылғы саяси толқудың басы-қасында болғандармен байланыс орната бастады. Ал олар өз кезегінде он жыл бұрын бітіспес жау санаған қарсыластарымен бірігіп жатқан сыңайлы. Мұның бәрі оппозицияның жылдар бойы жинаған азғантай атақ-абыройын айрандай төгері анық.

Оппозиция мен оның серкелеріне сенуден қалған қоғамда «үшінші сектор» бедел ала бастайды. Яғни, бұдан әрі өздерін биліктен де, оппозициядан да тыс санайтын тұлғалардың немесе қоғамдық ұйымдардың саны күрт артуы мүмкін. Уақыт өте келе, сапалық, сандық үлесінің өсуі себепті, олар бүгінгі оппозициямыз деп жүргендерді саясат сахнасынан түбегейлі ысырып шығаруы да кәдік. Әзірге «үшінші сектор» өсу, қалыптасу үстінде. Солардан, сол ортадан ғана «Нұр Отанға» бәсекелес бола алатын шынайы қарсыласты күтуге болады.

 

«Известия-Казахстан» газеті,

2010 жылғы 16 ақпан

0 пікір