Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3484 0 пікір 21 Ақпан, 2010 сағат 11:33

ҚЫТАЙДАҒЫ АБАЙ ҰРПАҒЫ

Ол жөнінде біз не білеміз?

Семей педагогика инс­титутындағы тарих ғылым­дарының кандидаты Мұх­тарбек Кәрімов бізбен жиі хабарласып тұратын аза­маттардың бірі. Осыдан сәл бұрынырақта осы кісі өзі бастап апарып, кезінде Шәкәрім қажыны сыйлы қонақ ретінде күтіп, қолынан дәм татырған келіндерінің бірі, жасы 96-дағы Ақлима әжеймен таныстырған еді. Ал одан бұрын ол бізді жасы 90-дағы Шәкәрім атты соғыс және еңбек ардагерімен кездестірген болатын. Бұл қарияның атын 1916 жылы қажының өзі қойған екен.

Жуырда Мұхтарбек бауырымыз тілші қосына телефон шалып, кезекті жаңалығымен құлағымызды елең еткізді. "Абайдан тараған тағы бір еркек кіндікті азамат Қытайда тұрып жатқан көрінеді. Соны дәлелдейтін газет мақаласы мен өз дерегім және бар", - деді ол. Көп кешікпей әлгі екі материалды алып бізге келді де.

"Ақылбай ұрпағы Аққой фермасында" деген қысқа хабар Моңғолияның Байөлке аймағында шығатын "Жаңа дәуір" атты газеттің биылғы шілде айындағы №4 санында жарияланыпты. 24 беттік бұл басылым Байөлкеде 1966 жылдан бастап жарық көріп келе жатыр екен. Мұхтарбек әлгі мақала шыққанда осы өңірде іссапармен жүріпті.

"Адамның басы - Алланың добы", деген рас-ау. Ұлы Абайдың ұрпағы Қытайдағы Іле мен Құлжада ғұмыр кешіп жатыр дегенге кім сенеді. Байжұмаұлы Әлғапар Күнес ауданының Аққой фер­масында тұрады екен. Байжұманың әкесі Дәніспан Ақылбайдың баласы дейді. Бұлар мұнда Қазан төңкерісі жылдарында ауып келіп, қызай руының ішіне кіріп мекендегенін Әлғапар ақсақал тілшіге әңгімелеп беріпті. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының шөбересі Азатбек есімді азамат Тарбағатайда тұрады екен.

Міне, кішкентай хабардағы деректер осындай. Бірақ, ол өзі кішкентай болғанмен, маңызы жағынан өте үлкен болып тұр. Өйткені, бұған дейін Абайдың сол Ақылбайынан тараған еркек кіндіктіден жалғыз Айдар мен оның жалғыз ұлы Даниярды ғана білетінбіз. Жергілікті этнограф Молдабек Жанболатұлы осыдан бірер жыл бұрын шығарған "Тобықты Шыңғыстау шежіресі" атты үш томдық көлемді еңбекте де Дәніспан, Байжұма, олардан тарайтын Әлғапар есімін таба алмадық. Сондай-ақ, Азатбек есімді адам да шежіреде жоқ.

Бірақ оған Мұхтарбектің қарсы айтар уәжі бар. "Өзіңіз танысқан Ақлима әжейдің мына бір айтқан әңгімесі ойыңызда болар", - дейді ол. - Бұл кісінің күйеуі, яғни Шәкәрім қажының аталас туысы Сәкен Үркімбаев 1932 жылы Ұлан ауданына сот болып тағайындалады. Олар сол жаққа көшіп келе жатқанда жолда бірден енді ғана асқан ұлдары Айдарбек ауырып, шетінеп кетеді ғой. Сонда Даубай деген жерде отырған Абайдың Ақылбайының ұрпақтарының үйіне түседі. "Ақылбайдың бәйбішесі мен екі ұлы 1928 жылғы кәмпескеден қашып, осы жаққа ауып келіпті", - демеп пе еді әжей.

Мұхтарбек осыны айта отырып, олар 1932 жылғы ашаршы­лықта Қытай жағына ауып кетпесіне кім кепіл дейді. Бұл да жөн сөз. Айтты-айтпады, бір нәрсені теріске шығара салу оп-оңай. Сондықтан біз алдағы уақытта мұның анық-қанығына жетуге уағдаластық. Десе де, бұл жөнінде уақыттан оза қалам тартып жатқанымыз сол, мүмкін біреу болмаса біреу осы хабарға орай өз білгені болса үн қоса ма дейміз. Орыс халқы Пушкин, Толстой ұрпақтарын алыстағы Америкадан тауып, бір-бірінен сүйінші сұрап жатқанда, біз неге мұндай мәселеде қалыс қалуға тиіспіз?!

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.

«Егемен Қазақстан», 2007-08-29

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564