Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3131 0 пікір 20 Ақпан, 2010 сағат 07:27

Терещенко израильдіктерге Қазақстаннан ірі жер телімдерін сатып алуды немесе жалға алуды ұсынады

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Израильдің ҚР-дағы құрметті консулы болып табылатын ҚР бұрынғы премьер-министрі Сергей Терещенко израильдіктерге Қазақстаннан ірі жер телімдерін сатып алуды немесе жалға алуды ұсынған. Бірақ Израиль үкіметі әзірге бұл қадамға бармай отыр.

«IzRuS» ақпараты бойынша, Қазақстанның бұрынғы үкімет басшысы Сергей Терещенко Израильде сапармен жүр. Онда ол Орталық Европа және Евразия департаментін басқаратын СІМ бас директорының орынбасары Пинхас Авивимен, «Мерхав» корпорациясының президенті Йоси Мейманмен, «Израиль – Қазақстан» парламентаралық қауымдастығының төрайымы Фаина Киршенбауммен және «Израиль – Қазақстан» сауда палатасының басшысы Михаэль Роэмен кездесті.

«IzRuS» ақпараты бойынша, кездесу барысында  С.Терещенко «израильдіктерге тамшылап суландыру технологиясын ендіру үшін Қазақстанан ірі жер телімдерін сатып алуды немесе жалға алуды ұсынған».

Шетелдіктерге нақты қанша гектар жер ұсынылғанын басылым айтпайды.

С.Терещенконың өзі де ҚазТАГ тілшісімен телефон арқылы болған әңгімеде, Израиль үкіметі бұл мәселе бойынша тиянақты шешімге келген жоқ деп, нақты цифрды атаудан бас тартты.

«Неге сонша маған қадалып қоймадыңыз? Бұл тек әңгіменің басы ғана болатын! Иә, осындай бейрсеми кездесу болды және біреу бұл жайында жазған. Израильдіктер әзірге қазақстанның жерін қандай шарттармен жалға алатындығына қызығушылық танытқан жоқ. Біз оларға өздерінің технологиясын ендіру үшін бірлескен кәсіпорындар құруды ұсындық. Ал сізге не керек? Олар қазақстанның жерінде бұрыннан бері жұмыс істеуде», -деп түсіндірді С.Терещенко.

Оның айтуынша, израильдіктерге Оңтүстік Қазақстаннан 500 гектар жер берілген.

«Олар Оңтүстік Қазақстан облысында, Арыста қазақстандық компаниямен бірге 500 гектар жерді өңдеуде», -деп нақтылады С.Терещенко.

Израильдіктердің қосымша бірнеше жүз гектар қазақстан жерін жалға алуға келіседі ме деген сұраққа С.Терещенко жауап бере алмады.

«Олар әзірге жалға қанша гектар жер алатындықтарын білмейді. Бұның барлығы әзірге қиялдағы дүние. Қытайлықтармен болған әңгімеден соң қазір барлығы жерді жалға алудан бастарын ала қашады. Енді ешкімнің жерді жалға алғысы келмейді! Бірақ олардың неден қорқатынын білмеймін», -деп таңданысын білдіреді С.Терещенко.

0 пікір