Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2553 0 пікір 20 Ақпан, 2010 сағат 07:22

ЕҚЫҰ ПА вице-спикері Тоқаев «Ауған мәселесін» әскери емес тәсілмен шешуге болатындығына сенімді

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Сенат төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанды бейбіт өмірге қайтару мәселесін әскери емес жолмен шешуге болады деп есептейді.

Мұндай пікірді Қ.Тоқаев жұма күні Венада ЕҚЫҰ ПА қысқы отырысы аясында Ауғанстандағы жағдайға байланысты болған арнайы пікірталас барысында білдірді.

Сенат баспасөз-қызметінің жұма күні таратылған хабарламасында көрсетілгеніндей, палата спикері ауғандықтарды бейбіт және жасампаз өмірге қайтару процесіне барлық мемлекеттердің қатысуының маңыздылығын атап өтті. Бұл жерде ол ауған проблемасын шешуде «демилитаризацияны», гуманитарлық бастамаларға өтуді, экономикалық жағын күшейтуді жақтады.

Осыған байланысты ЕҚЫҰ ПА вице-спикері, бұл елдің экономикалық әлеуетін қалпына келтіруде Қазақстан тиісті шаралар қабылдайды деп хабарлады. Атап айтқанда, Ауғанстанның инфрақұрылымдық нысандарын қалпына келтіруге $4 млн шамасында қаржы берілді, қал-қадерінше гуманитарлық көмек берілуде. Бұдан бөлек, ауған студенттерін қазақстандық ЖОО-ларында түрлі мамандықтар бойынша оқыту үшін $50 млн бөлінді.

Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің Ауғанстанды қайта құрумен байланысты екендігін айтқан Қ.Тоқаев «Қазақстан энергетика, көлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, лаңкестікпен және есірткі бизнесімен, заңсыз миграциямен күресті күшейту  арқылы аймақ мемлекеттерінің бұл процеске бұдан кеңірек ауқымда қатысуын қалайды», -деп атап өтті.

Бұған қоса, сенат спикері, заңсыз миграцияның өсіп бара жатуын, қауіпсіздікке қатысты есірткі тасымалы, лаңкестік және экстремизм тәрізді қауіптерді есепке алсақ, «ауған мәселесі» Орталық Азия елдері үшін ең өзекті тақырып деп атап өтті. Осыған байланысты сенат спикері ШЫҰ мүше-мемлекеттер мен Ауғанстанның лаңкестікпен, есірткінің заңсыз айналымы және ұйымдасқан қылмыспен күрес проблемаларына қатысты әрекет жоспары аясында есірткі индустриясын жою мәселесіне халықаралық күш салудың маңыздылығын атап өтті

0 пікір