Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2494 0 пікір 19 Ақпан, 2010 сағат 06:02

Премьер Астанада бұрынғы бомбапанадағы өртте қаза болған өрт сөндірушілердің отбасыларына көңіл айтты

Астана.19 ақпан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанада бұрынғы бомбапанадағы өртте қаза болған өрт сөндірушілердің отбасыларына көңіл айтты.

«Үкімет мүшелерінің атынан қаза болғандардың барлық туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, оларға материалдық көмек көрсетуді Астана әкіміне жүктеймін. Бұл мәселені ТЖМ-мен бірге тыңғылықтау керек», - деді ол жұма күнгі үкімет отырысында.

ТЖМ басшысы Владимир Божко хабарлағандай, өрт сөндіру кезінде Астана төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) өрт сөндірушілерің үш қызметкері, атап айтқанда, ТЖД бастық орынбасары - полковник В. Зайцев, Астана ТЖД 6-шы ӨБ бастығы - Р. Кәкішев және арнайы өртке қарсы күрес бөлімінің бастық орынбасары - капитан С. Әбиев қаза болды. 

«Бүгін таңғы 7-де денелер табылып, сыртқа шығарылды. Оның алдында ғимаратқа кіру мүмкін болмады. Кешегі күннен бері, департамент пен министрлік қаза болған қызметкерлердің отбасыларымен белсенді жұмыс жүргізуде», - деді ол.

Сонымен қатар министр өртті сөндірудің қиындығы «ғимарат бұрынғы бомбапана болғандығынан және оның тиісті жабдықтары мен қалың қабырғалары және төбесі де қалың болғандығынан» екенін нақтылап өтті.

«Мен өрт себептері мен орын алған қайғылы оқиғаны тексеру туралы бұйрыққа қол қойдым», - деп атап өтті В. Божко.

Бұрын хабарланғандай, өрт аумағы 500 шаршы метр жерді алған.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616