Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2516 0 пікір 19 Ақпан, 2010 сағат 04:53

Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева күміс медаль алды

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева 15 шақырымдық жеке жарыста күміс медаль алды.

Атыс шебінің төртеуінде де мүлт жіберместен өз қашықтығын тамаша жүгіріп өткен Елена Хрусталева, 41 минут 13,5 секунд нәтиже көрсетіп, алдына норвегиялық Тур Бергерді ғана 20,7 секундтқа оздырып, екінші болып мәре сызығын кесті.

Сондай-ақ біздің елдің басқа да өкілдері Анна Лебедева, Любовь Филимонова мен Марина Лебедевалар тиісінше 38-ші, 57-ші, 71-ші нәтижелер көрсетті.

Еске сала кетсек, қысқы Олимпиададан қазақстандық спортшылар соңғы медальдарды жапонияның Ноганасынан әкелген болатын. 1998 жылы қола медальды конькимен жүгіруші Людмила Прокашева мен шаңғышы Владимир Смирнов әкелген. Енді 12 жыл өткен соң қазақстандық шаңғышы Елена Хрустаелва Қазақстанға күміс медаль әкелді.

0 пікір