Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 9304. Жазылғандар — 4746. Қайтыс болғандар — 37
Жаңалықтар 1371 0 пікір 19 Ақпан, 2010 сағат 04:47

Саудабаев Таулы-Қарабах проблемасын бейбіт реттеудің «жол картасын» ұсынады

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ– ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Таулы-Қарабахтағы проблеманы бейбіт реттеудің «жол картасын» әзірлеуді ұсынады. Бұл туралы ол 18-ші ақпанда Венадағы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының қысқы отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті. Оның баяндамасының мәтінін ҚР СІМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Дипломат Қазақстанның «созылмалы шиеленістерді» реттеуде қолынан келгенше өз үлесін қосуға ұмтылыс танытып отырғанын атап өтті. «Кеше ғана менің Оңтүсікт Кавказға жасаған сапарым аяқталды», - деп еске салды ол.

«Баку мен Ереванда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения президенті Серж Саргсянмен тыянақты да ашық әңгіме болды. Екі тарап та «Мадрид ұстанымдары» негізінде Таулы –Карабах шиеленісінің тез арада бейбіт шешілгенін қолдайды. Біз өз тарапымыздан ЕҚЫҰ-ның Минск тобының жұмысына барлық көмегімізді көрсетеміз», - деді Қ. Саудабаев.

Парламентарийлермен, партия өкілдерімен, қоғамдық-саяси қозғалыстар, шиеленістен тікелей зардап шеккен қарапайым адамдармен өткен кездесулер бізге таулы-қарабах шиеленісінің қазіргі күйін түсіну мен келешегін реттеу үдерісі туралы айқын түсінік алуымызға көмектесті», - деді ол. 

«Енді сапар қорытындысы бойынша барлық тараптармен қол жеткізілген оң нәтижеге сүйенен отырып, біз шиеленісті бейбіт жолмен реттеу үдерісінің одан ары дамуын тараптардың бәрімен қолдаудағы күш жігерді арттыру жөнінде төрағалықтың Жол картасын әзірлемекшіміз. Осының аясында біз қақтығыс аумағындағы сенімді артыру мен шиеленісті төмендету жөнінде кез келген мүмкін боларлық қадамды қолдап және қарастыруымыз керек», - деп атап көрсетті ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы.

0 пікір