Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2994 0 пікір 18 Ақпан, 2010 сағат 07:20

Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан 100 автомобиль, оның ішінде 6 рейстегі автобус құтқарылды

Өскемен. 18 ақпан. ҚазТАГ– Шығыс Қазақстан облысының Глубоковское, Ұлан және Жарма аудандарындағы жолдарда қатты соққан бұрқасынға байланысты қар құрсауында қалған ондаған автокөліктер мен 100-ге тарта адамды аудандық ТЖ құтқару күштері құтқарды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ТЖ департамент баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұрқасын көптеген көліктер жолда кетіп бара жатқада кенеттен басталды. Қарлы бораннан көріну қашықтығы нашарлады. Өскемен-Зыряновск автожолының 5-ші 20-шы шақырым аралығында қар құрсауында 35 көлік пен 2 автобус қалды. Өртке қарсы күрес бөлімі мен жол қызметінің ауыр техникаларымен көліктер құрсаудан босатылып, Өскеменге дейін апарылды. Георгиевка (Қалбатау) – Көкпекті трассасында қардан 30-дай көлік пен 4 автобус құтқарылып, Жарма ауданының орталығына 20 адам эвакуацияланды. Қазір Өскемен – Георгиевка (Қалбатау) трассасының 60-80-ші шақырымында жұмыстар жалғасып, осы жерден облыс орталығына 46 адам эвакуацияланды. Жарма ауданындағы Жаңғыз төбе аулының маңында қар құрсауында әлі де 20 машина қалып отыр», - дейді департаменттегілер.

Ауа райының күрделі болып отыруы себепті (бұрқасын, көріну қашықтығы жоқ) 18-ші ақпанда ТЖ департаменті республикалық мәндегі 7 трассаны жапты (ШҚО облыс орталығынан Алматыға, Зыряновскіге, Шемонайхаға дейін, сондай-ақ Семей-Көкпекті, Семей-Қайнар, Таскескен – Бахты учаскелері) және облыстық мәндегі үш жол (Өскемен – Самарское, Семей – Қарауыл, Күршім – Қалжыр) жабылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584