Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2745 0 пікір 18 Ақпан, 2010 сағат 07:15

Шетелдіктерге Қазақстанға қоныстану ықтиярхатын рәсімдеу 300 теңге тұрады

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда тұруға рұқсат қағаздарын рәсімдеу үшін шетелдіктер қазір 282,6 теңге төлейді. Бұл үкімет қаулысымен 2009 жылы 14-ші желтоқсанда бекітіліп бейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған «Шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхатын немесе азаматтағы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылған.

Стандарт азаматтығы жоқ адамдарға куәлік беру және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге қоныстану ықтиярхатын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

«Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 540-шы бабына сай мемлекеттік баж салығы алынады. Оның мөлшері төменгідей: шетелдіктің Қазақстанға қоныстану ықтиярхатын рәсімдеу – мемлекеттік баж салығын төлейтін күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 20 пайыз мөлшерінде; азаматтығы жоқ адамдарға куәлік рәсімделгенде - мемлекеттік баж салығын төлейтін күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 400 пайыз мөлшерінде. Мемлекеттік баж салығы ҚР банк мекемелері арқылы төленіп, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат береді», - делінген құжатта.

Қазіргі күні АЕК 1413 теңгеге тең.

Мемлекеттік қызмет ішкі істр органдарының көші-қон полициясының өңірлік бөлімшелері арқылы, ҚР әділет министрлігінің тіркеу комитеті мен құқықтық көмек көрсету «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып көрсетіледі. Олардың мекен жайлары жарияланып отырған стандарттарға қосымшада көрсетілген.

Құжаттарды рәсімдеу мерзімі екі айдан аспауы тиіс.

Үкімет қаулысы ресми жарияланған күнен бастап он күн тізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір