Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2416 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:22

Сот «Республика – деловое обозрение. Дубль 2» басылымының шығуына салған тыйымды алып тастады

Алматы. 16 ақпан. ҚазТАГ– Алматының Медеу аудандық соты «Республика – деловое обозрение. Дубль 2» басылымының шығуына сот атқарушысымен салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне басылымның заңгері Сергей Уткин.

«Сот БАҚ туралы заңның 134-ші бабына сай, басылымның шығарылуын не басылым меншік иесі, не сот қана тоқтата алады деген біздің айтқан уәжімізбен келісті. Соттан басқа ешқандай мемлекеттік органдарға, тіпті бас прокуратураға да мұндай құқық берілмейді. Бірақ сот атқарушысы өзінде осындай құқық бар деп шешіп, өзінің шешімімен басылымның шығуына тыйым салды», - деді С. Уткин.

Еске сала кетсек, 9-шы қыркүйекте Медеу аудандық соты өз шешімімен «Республика – деловое обозрение. Дубль 2» газетінің меншік иесі «DPA» ЖШС-ті, сондай-ақ оның баспагері мен бас редакторы Гүзәл Байдалинованы БТА банкінің төңірегіндегі ахуал туралы «Хрен редьки не слаще» («Ақжелкек шомырдан тәтті емес») деген мақала шындыққа жанаспайтындығы туралы теріске шығару мақаласын жариялауға міндеттеген.  Сот моральдық шығынды өтеу ретінде «БТА Банк»АҚ-ның пайдасына 60 млн теңге өндіріп алу және басылымнан 1296 теңге көлемінде сот шығындарын алу туралы шешім қабылдады.

18-ші қыркүйекте «Республика – деловое обозрение» басылымның тиражын қаржы полициясы баспаханадан шықпай жатып тәркілеген. БТА-ның шағымын орындау мақсатында газеттің және баспагердің есепшоттары қамауға алынды. Сот атқарушысы 8-ші ақпанда өзінің шешімімен, газеттің БТА банктің алдында өтелмеген қарызы барлығы себепті шығуына тыйым салған.

Оппозициялық басылым шығуына салынған тыйымға байланысты өзінің атын өзгертіп, «Моя Республика – факты, события, люди», «Голос Республики», «Республика» деген аттармен шығып келді.

0 пікір