Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3251 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:16

Депутат Нехорошев, Асқар Кұлыбаев өзінің ұлы туралы теріс пиғылда жазатындарды ату керек деп қызулықпен айтқан ғой, дейді

Алматы. 16 ақпан. ҚазТАГ – Лариса Черненко. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев өзінің ұлы туралы ар-ожданына нұқсан келтіретін мақала жазатындарды ату керек деп айтқанына мән бермеу керек деп есептейді. 

«Мен Асқар Құлыбаевтың айтқан пікірін естігенде, бұл кісі біршама қызулыққа бой алдырған екен деп ойладым. Мен, ол кісі «ату керек» деп әдейі, саналы түрде ойлап айтты деп ойламаймын», - деді В. Нехорошев сейсенбі күні қоғамдық-пікірсайыс «АйтРАRK» клубының отырысында осыған қатысты сауалға жауап беріп.

Бұл ретте ол мұндай шешімді тек сот шығара алатынын атап өтті. Сонымен қатар мәжілісмен, Алматының Медеу аудандық соты республиканың барлық БАҚ-тарына Т. Құлыбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін ақпараттарды жариялауға тыйым салу жөнінде шығарған үкімге қатысты қойыған сауалға тікелей жауап беруден жалтарып кетті.

«Осындай сот шешімін шығарған судья өзінің қатесін түзетті және Жоғарғы сот төрағасы да осыған қатысты пікір білдірді», - деді ол. Ал, «парламент неліктен осы жағдайға араласпады және БАҚ беттерінде жарияланған Т. Құлыбаевтың әрекеттері жөніндегі фактілер бойынша тексеру жүргізуін неліктен талап етпеді?», - деген сауалға депутат таңырқау білдірді. «Парламент не істеуі керек еді? Далаға шығып – бостандық беріңдер деп айқайлауы керек па?! Біз ешнәрсе істемеуіміз керек!», - деді В. Нехорошев.

«Мен, Әблязовқа алыста отырып, хат жолдағанша, ең алдымен өзі күнәлары үшін кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін. Егер жемсауы іскен екен – халыққа артымен қарамасы! Ал алыстан ақылгөйсіп және қандай да мәлімдеме жасауды... мен оны қабылдай алмаймын», - деп тұжырымдады депутат.

Бұрын хабарланғандай, Асқар Құлыбаев өзінің ұлы Т. Құлыбаевқа қатысты БТА банктің экс-басшысы таратып жатқан теріс пиғылдағы ақпаратты жариялауға барлық БАҚ-тарға тыйым салу туралы сот шешіміне қатысты түсініктеме бергендердің бәріне қарсы өткір мәлімдеме жасаған болатын. Кейін бұл сот шешімі кері қайтарылып алынды.

0 пікір