Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 16 Ақпан, 2010 сағат 04:15

Болат НӘУКЕНҰЛЫ. Қазақ болғаныма сүйінемін әм күйінемін

Миллиардтан аса қытай, миллиондаған орыс, мыңдаған мұңғыл сияқты басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген, ата-АУЫЛ-руға топтасудың  арқасында ғана ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН,    ДІНІН  сақтап, Ата жұртқа көшіп келген  қандастарымызды   көргенде, мен ҚАЗАҚ  болғаныма  мақтанып, сүйінемін.

Бірақ, өз елінде , қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біле тұра өзара өзге тілде сөйлесіп, ұлттық ойлау қабілетінен айырылған    қазақтарды көргенде, мен  қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді  мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымыздың 65 пайызы қазақтар екенін  ойлағанда, мен  қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

Санасы уланған кейбір мемлекеттік шенеуніктер ұлттық өнерге, ұлттық спортқа, жалпы ұлттық мәдениетке жеткілікті көңіл бөлмей, қалың қазақ  айналыспайтын спорт пен өнер түрлеріне қыруар қаражат шашып жатқанда,  Ел ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, таратып жүрген          БАУЫРЛАРЫН қолдап, оларға қол ұшын созған ұлтшыл, қатардағы         кәсіпкер - АЗАМАТ   қандастарымызды көргенде, мен  ҚАЗАҚ  болғаныма мақтанып, сүйінемін.

Бірақ, қазақ ұлтына, өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі бар, еңбектерін Елі таныған Тұлғалардың, талантты жас журналистер мен өнер адамдарының, мемлекеттен қолдау  көрмей, үйсіз-күйсіз жүргенін көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

Қазақ  Еліндегі  10 млн. қазақтың есебінен  биліктегі қызметтеріне ілігіп, өз қара  бастарының  қамын ғана күйттеген, қалың қара қазақтың мүддесін ұмытқан, қазақи ұлттық құндылықтарға мән бермей, дүниежүзілік басым күштердің құрығына түскен, уақытша мәнсап-байлыққа мәз болып, өздерінің ұлт жадының «қара тізіміне» ілініп жатқанын сезбейтін кейбір шенеунік - депутат қазақтарды көргенде,  мен қазақ  болғаныма ұялып, күйінемін.

Тәуелсіздіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, тың деректерден         қазақтың  шынайы тарихын оқып-біліп санасын тазартып, білгендерін өздері    өмір  сүрген   ортасына насихаттап, таратып жүрген, қатары күн сайын арта  түскен аға буын, орта буын, жас буын  қазақтарды  көргенде, мен ҚАЗАҚ   болғаныма мақтанып, сүйінемін.

Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның «Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының орындалуын Құдайдың құтты күні, секунд сайын  өрескел бұзып жүрген шенеуніктерге  Қазақ Елінде «әй дейтін Әже, қой дейтін Қожа» шықпағанын көргенде, мен қазақ болғаныма  ұялып, күйінемін.

Ата-бабаларымыздың ұлттық ойлау қабілеті мен рухы қонған ауылдағы  қалың    ҚАЗАҚ - барлық «приватизация», «оптимизация», «легализация»  сияқты келеңсіздіктерге төтеп беріп,  таза АУЫЗ  СУСЫЗ , ЖОЛЫ  нашар, байланысы нашар,  ГАЗЫ  жоқ және ОТЫН-СУЫ  тапшы  елді-мекендерде, көптеген қиындықтарға төзіп, ата қоныстарын жоғалтпай, Қазақ ЖЕРІНІҢ иесі әлі бар екенін әлемге танытып жүргенін көргенде, мен ҚАЗАҚ  болғаныма мақтанып, сүйінемін.

Бірақ, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің «тәрбиесі мен ақылының» нәтижесінде ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған,  білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің  бүкіл қазақты бес-алты  қалаға жиып  алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан - таянғанын байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып, өздерін үйсіз-күйсіз тентіретіп,  елдегі экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктерге жол берген надандығын көргенде мен қазақ болғаныма  ұялып, күйінемін.

Қазақ Еліндегі болып жатқан келеңсіздіктерді тоқтатуға бүгін күш салмаса, алдағы уақытта оның ұлтымызға апат әкелетінін Билікке ашық айтып, бұл келеңсіздіктерді жоюдың жолын зерделеп, халыққа жеткізген Мұхтар Шаханов, Совет-Хан Ғаббасов, Ғазиз Алдамжаров, Ғаббас Қабышұлы, Дос Нұрахмет, Хайрулла Ғабжалилов сынды Ел ағаларымен қатар Айдос Сарым, Дос Көшім, Марат Бөтеев, Дәурен Бабамұратов сынды т.б. көптеген азаматтардың ұлттық ұстанымдарының беріктігін көріп, мен ҚАЗАҚ  болғаныма мақтанып, сүйінемін.

Бірақ, Әлемдік Басым Күштердің мүдделерін дәл орындайтын «кеңсеге» айналып бара жатқан біздің Үкімет пен Парламенттегі өзге тілде оқып-өніп, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымызды көргенде, мен қазақ болғаныма  ұялып, күйінемін.

0 пікір