Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2574 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 15:48

Төлен Тілеубай. «Құпия қазақ қаруы»

Апта басында еліміздің бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов Астанадағы Ақмола гарнизонының әскери соты бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов пен Израиль азаматы Борис Шейнкманның ісіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді. «8 ақпанда Қ. Мейірманов пен Б. Шейнкманның ісі бойынша сот тыңдаулары соңына жетті. Түпкілікті үкім шығару үшін әскери қазылар өзара кеңесетін бөлмеге кетті», - деп түсіндірді мән-жайды ол.

Апта басында еліміздің бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов Астанадағы Ақмола гарнизонының әскери соты бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов пен Израиль азаматы Борис Шейнкманның ісіне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді. «8 ақпанда Қ. Мейірманов пен Б. Шейнкманның ісі бойынша сот тыңдаулары соңына жетті. Түпкілікті үкім шығару үшін әскери қазылар өзара кеңесетін бөлмеге кетті», - деп түсіндірді мән-жайды ол.

Ал біз «Құпия қазақ қаруы» деп айдар тағылған қылмыстық істің немен тынатынын білмек болып, құзырлы орындарға хабарласқан едік. Ең алдымен, Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Мағауия Елемесовтың телефонын безілдеттік. «Үкім қашан шығарылады?» деген сауалымызға қатты таң болған төраға: «Үкім бүгін не ертең шығарылады дегенді мен сізге айта алмаймын. Өйткені, бұл іске ҰҚК-нің шешімімен «аса құпия» деген белгі қойылған. Яғни, үкімнің қашан шығарылатынын сол органдағылар біледі деген сөз. Себебі, мен төраға болсам да, олардың тағайындаған судьясымен тілдесе алмаймын. Ал, бір білетінім, сот істі тергеуді әлі жалғастыруда. Яғни, бұл іске нүкте қойылған жоқ» деді. Содан соң, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің басшысы Кенжеболат Бекназаровпен телефон сымы арқылы тілдестік. «Бұл іс бойынша ешқандай да ақпарат жоқ. Әскери сот іс материалдарын тергеуді аяқтады. Енді айыптау үкімі шығарылады. Оны әскери соттың өзі хабарлайды» деді Бекең қысқа ғана жауап қайырып.

 

Бұл қылмыстық іске «Аса құпия» деген белгі соғылғандықтан міне, бір жылға жуық сот процесі жабық есіктің арғы жағында өтіп жатыр. Өткен жылдың «Ең жағымсыз оқиғасы» атанған бұл істің немен тынары әзірге беймәлім. Яғни, сот үкімінен кейін ғана «Құпия қазақ қаруы» операциясы неліктен сәтсіздікке ұшырағанын біле аламыз. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, генерал Мейірмановтың денсаулығы аса мәз емес көрінеді. Естеріңізде шығар, өткен жылдың 10 сәуірінде ол ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалғаннан кейін біраз уақыт өткен соң «Құпия қазақ қаруына» қатысты барлық адамдардың аттарын атамақшы болды. Алайда, ол ойынан қайтып, кеңсе пышағымен өзінің қан тамырларын кеспекке әрекет етті. Бірақ, бұл ісі сәтсіз шықты. Экс-вице-министрдің қорғаушысы: «Мен Мейірманов мырзамен тергеу абақтысында жолыққанымда, оның қатты шаршағанын көрдім», - дейді. Қатты шаршаған Мейірманов мырза сол кездесу барысында былай депті:

-         «Мен әбден шаршадым. Өмір сүргім келмейді. Отбасым мен балаларымның тағдырын ойласам, өзегімді өкініш өртейді? Бірақ, бәрібір де өмір сүргім келмейді. Тек өзімнің ажалыммен ғана бұлардан (тергеушілер) құтыла аламын».

«Құпия қазақ қаруына» қатысты тағы бір тұлға, бұрынғы Қорғаныс министрі Даниял Ахметов туралы әңгіме тіпті «құпия» болып барады. Оны бір білгіштер «шетелде емделіп жатыр» десе, біреулер «ақыл-есінен алжасып кетіпті» деп соғады...

 

Астана.

 

0 пікір