Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 07:46

Жолдасбек ДУАНАБАЙ. Махаббат күні машақат күніне айналды

Соңғы жылдары 14 ақпан қазақтың қара баласы үшін қуанышынан гөрі, өкініші басымдау күнге айналып барады. Бұл күн аталуынан бұрын аталмағаны жөн боларлық мерекесымақты өзімен бірге ала келді. Сөйтті де ар-ұятты, иманды ұмыттыра бастады.

Католиктер баратын шіркеулерде 14 күні әулие атанған Валентинді еске түсірсе, православтар үшін бұл маңызды күн емес. Ал мұсылмандар үшін, тіпті қажетсіз нәрсе. Өйткені мұсылманның жаныңа жылу сыйлайтын, жүректе иман гүлінің жапырағын жайқалтып, одан әрі нұрландыратын мейрамдары онсыз да жеткілікті. Олардың жанында әулие Валентинің түкке тұрмасы анық.

Ислам дінін ұстанатындарға бойындағы махаббат, ғашықтық сезімін білдіру үшін бір күнді арнау әбестік болар еді. Алланың әр күні - біз үшін үлкен сый. Жарық таңды жақсылықпен қарсы алған әр мұсылман махаббат сезімін Алланың бұйыртқан күні айта алады, жүрегі қалаған адамына ыстық сезімін жеткізуіне мүмкіндігі бар. Валентинге қарап қалған ештеңеміз жоқ...

Алайда кейбір қазақ жастарының әрнәрсенің байыбына бара бермей, осы күнге жата келіп «жабысатынына» қайран қаласың. Дүкендер мен базарлар түрлі сыйлықтар мен открыткаларға толып кетті. Түрлі-түсті шарлар, жүрекшелер қыз-жігіттер түгілі, буыны бекімеген балалардың да ақыл-есін жаулап алды. Қазір білім ордаларында ақша жинау, сыйлық алу етек алды. «Әулие Валентин күні» ата-бабамыздан қалған мереке іспеттес болып барады. «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Ресейдің өзіне 1990 жылдың басында келді. Ал бізге не жорық?

Бір «әттеген-ай», осы күнді Астана мен Алматы секілді қалаларда бірсыпыра қоғамдық ұйымдар ресми түрде тойлауды дағдыға айналдырды. Айталық, Астанада бір ұйымдар Бәйтерек жанында атап өтуді ұйғарса, Алматыда ойын-сауық ұйымдастырумен шұғылданатын агенттіктер үсті-үстіне жарнама беріп, мерекелік шара өткізуді өз мойындарына алып отыр. Олардың бағдарламаларында не барын біз айтпасақ та іштеріңіз сезетін болар. Ал кейбір білім ордалары сүйісуден жарыс ұйымдастыруды ұят санамауға айналды.
Қысқасы, қазақ үшін махаббат күні машақат күніне айналып барады. Жастарымызды жат әдетке үйрететін Валентин күнінен арашалап қалар адам табылмай тұр.

«Айқын», 13.02.10.

0 пікір