Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 6 Ақпан, 2010 сағат 05:15

«Метал Трейдинг» Комаров кен орнының алғашқы рудасынан алтынды бөліп алатын зауыт салады

Қостанай. 5 ақпан. ҚазТАГ – «Метал Трейдинг» ЖШС Комаров кен орнының алғашқы рудасынан алтынды бөліп алатын, құны $ 45 млн зауыт салады. Бұл жайында кәсіпорынның бас директоры Павел Елякин жұма күні халықтың әкіммен кездесуінде айтты.

Зауыттың қуаты жылына құрамында алтыны бар 1,5 млн тонна руда өңдеуге жетеді. Жобаны 2012 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жерде жаңадан 40 жұмыс орны ашылады.

Карьерді игеру мен байыту фабрикасының құрылысы 2001 жылы басталды. Салмағы 6 келілік алғашқы алтын құймасы 2003 жылы алынды. Барлық кезеңде 5,6 тонна металл өндірілген. Соңғы үш жылда алтын өндірудің жылдық орташа көлемі 1100 кг болып тұр, деді П.Елякин. 2009 жылы кәсіпорын құны 5,3 млрд теңге болатын 1121 кг алтын өндірген.

«2010 жылы өндірісті бұрынғы деңгейде ұстап тұру үшін, қазіргі уақытта өнімділігі жылына 800 мың тонна болатын, руданы уатып, жұмыс алаңқайларына жинайтын (үймелер) қосымша желінің құрылысы жүргізілуде. Шілдеге қарай желіні іске қосуды жоспарлап отырмыз. Желіні жүргізу үшін қосымша 30-35 жұмыс орны ашылады», -деді ол.

Қосымша өндірістің құрылысын салу, алтынды айырып алу үлесі 85% болып табылатын   тотыққан рудалар қорының таусылуымен байланысты болып отыр. Қазіргі уақытта кәсіпорын, жұмыс істеп тұрған карьерде тотыққан рудадан төменірек тұрған өтпелі руданы өңдеуге кіріседі. Бұл шикізаттан алтынды айырып алу үлесі 60% болады.

«Біздің кәсіпорнымызды 2010 жылға дамытудың болашағы жаман емес және біз биылғы жылдың көрсеткіштері 2009 жылдың көрсеткіштерінен төмен болмауы үшін барлық мүмкіндікті қарастырамыз», -деді П.Елякин.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594